ЖАСТАР НЕГЕ ӘСКЕРГЕ БАРУҒА ҚҰЛЫҚСЫЗ?
Қазір еліміздің барлық қорғаныс істер басқармасында қызу қарбалас. Өйткені бірінші наурыздан бастап 18-27 жас аралығындағы әскери борышын өтемеген жігіттерді көктемгі Қарулы күштер сапына шақыру науқаны басталады. Осы орайда бүгін қалалық әкімдікте шаһар басшысы Абат Шыныбековтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында әскерге шақыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиында жастардың әскер қатарына өз еріктерімен бармауы, денсаулығын тексеру жағдайы, жауапты құрылымдардың ұйымдастырушылық мәселесі кеңінен сөз болды. Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Рафхат Мәжитовтың айтуынша, өткен жылғы күзгі науқанда жалпы, қала бойынша әскерге шақыру жоспары 218 адам болса, соның 117-сі ғана орындалған. Яғни, 117 сарбаз ғана Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Сөйтіп, жоспарға сай жүктелген міндет 81 пайызға орындалыпты.
– Әскерге шақырылушылардың көбісі – моральдық-психологиялық тұрғыдан әлсіз. Күнкөрістің қамымен Отан алдындағы міндетін ұмыт қалдырғандар көп. Жастардың Атырау, Ақтау қалаларына жоғары жалақы төленетін вахталық жұмысқа кетуі жиіледі. Сол себепті іздестіру шаралары нәтиже бермей отыр. Өңіріміз Ресеймен шектесіп жатқандықтан, көп азаматтар сол елге оқуға, жұмысқа барады. Кейін азаматтығын өзгертеді. Қалаға жоғары және арнаулы оқу орындарына келіп, әскери есепте тұрған студенттер оқуын бітірген соң есептен шықпастан кері ауылдарына кетеді. Соның кесірінен тұрғылықты мекенжайы басқа болғанымен, біздің есепті көбейтіп тұрады. Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды зерделеу кезінде олардың ата-аналарымен әңгімелесеміз. Сол кезде байқағанымыз, жастардың басым көбісі әскери борышын өтеуге құлықсыз. Өйткені, әскери билеттің алда оқуға түсуге, жұмысқа орналасуға ешқандай жеңілдік бермейтіні сөздеріне тиек. Әскерге шақырылушылар көп жағдайда өз мекенжайында тұрмайды. Ата-анасы шақырту қағазын алудан үзілді-кесілді бас тартады, – дейді Рафхат Қуанайұлы.
Ал әскерге барудан жалтарғандардың үйіне үш мәрте шақырту апарылады екен. Егер үшеуінде де мекенжайында болмаса, іздестіру көзделген. Жастардың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру мақсатындағы кездесулер колледж, жоғары оқу орындарында жоспарға сай өтіп отырады. Бірақ, кей колледж директорлары студенттерді әскерге бармауға үгіттейтіні де басқарма өкілдері тарапынан айтылды. Осы тұрғыда биыл оқу орындарындағы әскерге баруға ынталы жастардан емтиханды мерзімінен бұрын алу мәселесін де тілге тиек етті.
Басқарма бастығының сөзінше, әскерге шақырылушыларды іздестіру тізімі ішкі істер органдарына беріледі. Әскерге баруға құлықсыздарды іздестіру және бөлімшеге жеткізу үшін басқармада көлік те тапшы. Оларды қосымша медициналық сараптамадан өткізу –арнайы емханаға міндеттелгені жөн. Себебі қаладағы түрлі емханаға тексерілуге жіберілген жігіттер кейін табылмай жататын көрінеді. Сондай-ақ қазіргі таңда сарбаздардың денсаулығына жауапты дәрігерлер де жұмыстарына салғырттық танытып отыр.
Қала басшысы Абат Абайұлы бұл мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айгүл Құлбарақоваға әскерге шақырылу науқанына қажетті медициналық жұмыстарды ұйымдастыруға қолдау көрсетуді қатаң тапсырды. Жиын соңында шаһар басшысы Абат Абайұлы әскерге шақыру жұмысымен айналысатын жауапты адамдарды қызметтеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу