8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қазан 2019 1642 0
Қоғам

Жастарға жалдамалы үйді алу үшін қандай құжаттарды тапсыруы керек

PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет 29 жасқа жетпеген жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұсыну ережелері туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

М. Қожахметтің айтуынша, алдағы 3 жылда жыл сайын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 3 мың жалдамалы пәтер берілетін болады.

«Бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік беру. Бұл шара әлеуметтік жағынан осал топтарға қолдау білдіруді көздемейді. Негізгі міндет — жұмыс істейтін жастарды қолдау», — деді М. Қожахмет.

Ол сонымен қатар баспананы алу үшін қойылатын негізгі критерийлерді атап өтті.

Бірінші — үміткер жұмыс істеуі керек.

Екінші — үміткердің жасы 29 жастан аспауы керек.

Үшінші — 100 мың теңгеден жоғары жалақысы болуы керек.

Төртінші — кез-келген екінші деңгейлі банктердің бірінде депозиттік шоты болуы керек.

Бесінші — өз меншігінде баспанасы болмауы керек.

Бұл ретте М. Қожахмет ең басты критерий — үміткердің тұрақты жұмыс орнының болуына назар аудартты.

«Заңға сәйкес жұмыс істейтін жастар деп мектеп, колледж, жоғары оқу орнын аяқтаған соң жұмыс істеп жүргендерінің бәрі саналады. Бұл тұрғыда қандай да бір біліміне байланысты арнайы шектеулер немесе артықшылықтар болмайды. Ең бастысы ‒ жұмыс істесе болды. Яғни, 18 жастан бастап өтінім беруге болады, бұл ретте жас адамның толық жұмыс күнін қарастыратын тұрақты жұмысы болуы тиіс», — деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар ол 5 жыл бойы бұл адамның міндетті түрде жұмыс істеуі керектігін және жыл сайны өзінің жұмыс істейтінін растап отыруы тиіс екенін айтты. Егер қандай да бір себептерге байланысты жұмыстан шығып қалса және қайта еңбекке орналасуға тырыспайтын болса, оны пәтерден шығару туралы мәселе көтеріледі.

«Егер төрт критерий бойынша бәрі түсінікті болса, үшінші кртерий бойынша жалақы неліктен 100 мың теңгеден артық болуы керек деген сұрақ туындауы мүмкін. Мұндағы есептеу тұрғын үй 5 жыл мерзімге беріледі деген негізде жасалған. 5 жыл ішінде баспана бағасы 10 мың теңге шамасында болады және коммуналдық қызметтер үшін – 20 мың теңге. Жастар өз қажеттіліктеріне 60 мың теңге шамасында жұмсайды деп болжадық. Қалған 20-30 мың теңгесін ол ай сайын жинап отырады. Сонда 5 жыл ішінде мемлекеттік сыйақы, депозит пайызын есептемегенде 1,8 млн теңгеге жуық қаражат жинайды. Бұл сома жеке тұрғын үйін сатып алуға жетуі тиіс. 2 млн теңге — бұл «7-20-25» бағдарламасы бойынша да алғашқы жеке баспананы сатып алуға жеткілікті сома», — деп түсіндірді М. Қожахмет.

Егер жастар осы бес критерийге сай келсе, құжаттарын тапсыра алады. Өтінім берушілер Жастар саясаты жөніндегі басқарамаға келесі құжаттарын тапсыратын болады:

  • Өтініш.
  • Жеке куәлігінің көшірмесі.
  • Дипломының көшірмесі.
  • Неке туралы куәлігінің көшірмесі (болса).
  • Балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі (болса).
  • Өтінім беруші мен оның отбасы мүшелерінің атында жылжымайтын мүлік жоқтығы туралы анықтама.
  • Жұмыс орнынан анықтама.
  • Соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама (табысы 40 АЕК-тен 101 мың теңгеден кем болмауы тиіс).
  • Еңбек өтілін растайтын құжат.
  • Банкте есепшотының болуы туралы анықтама және оның нөмірі.
  • Банктегі есепшоты бойынша қаражатының қалдығы және аударымдары туралы көшірме.
  • Өтінім берушінің жеке басының жетістіктері туралы құжаттар (болса).

Құжаттар пакеті бес жұмыс күні ішінде тексерілуі тиіс. Егер өтінім беруші барлық анықтамаларын жинап үлгермесе, ол үшін тағы бір күн беріледі. Адамдар құжаттарын тапсырған соң, қараша айынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тұрғын үй бөлінеді. Әкімдіктер 10 жұмыс күні ішінде балларды санап, үміткерлер тізімін жасауы тиіс. Баллардары неғұрлым жоғары болған сайын пәтер алу ықтималдығы соғұрлым көбірек.

«Баспана саны шектеулі, үміткерлер саны одан әлдеқайда көп болуы ықтимал. Іріктеу критерийлерін белгілеу үшін, түсініспеушіліктер орын алмауы үшін біз баллдық жүйені енгіздік. Кім бұрын өтініш берсе, сол көбірек үміткер болады деген мәселе туындаған, бірақ біздің ойымызша, бұл жерде қандай да бір әділетсіздік бар. Бұлайша пәтерді аса мұқтаж емес немесе сай келмейтін адам алуы мүмкін. Бұл тәсіл дұрыс емес. Біз мемлекеттік органдармен бірге осы бұйрықты талқылауға салып, бірінші кезекте баллдық жүйеге басымдық беруге шешім шығардық», — деді М. Қожахмет.

Баллдар қалай есептеледі:

  • Егер сіздің кәсібіңіз «Еңбек мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органмен бекітілген 100 сұранысқа ие мамандықтар тізіміне кіретін болса — 10 балл.
  • Отбасының болуы — 5 балл.
  • Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде бір жылдан кем емес жұмыспен қамтылған болсаңыз — 5 балл, әр жыл үшін — 1 балл.
  • Некесі тіркеген әр жыл үшін — 2 балл.
  • Егер бір балаңыз болса — 1 балл, одан кейінгі әр балаңыз үшін — 2 балл.
  • Түрлі қызмет салаларындағы жетістіктеріңіз үшін — 2 балл.
  • Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істегені үшін — 5 балл, әр жылдағы еңбек өтілі үшін — 1 балл.
  • Депозиттердегі жинақтарының әрбір жылы үшін — 2 балл.
  • Басқа да жағдайлар бойынша тең түскен кезде өтінімді бұрынырақ тапсырған үміткерлерге артықшылық беріледі.

Әкімдіктер тұрғын үй беру туралы шешім қабылданған соң 15 күнтізбелік күн ішінде жалға алу келісімшарты жасалады. Пәтерлер сатып алу құқығынсыз 5 жылға беріледі.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
146 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
178 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
428 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
911 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1288 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1174 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1646 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2264 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2428 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2436 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2489 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2492 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2089 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2970 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3022 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3017 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3632 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3599 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3590 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3565 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3726 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»