«ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 101 ИДЕЯ»
Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды.

Осы орайда Батыс Қазақстан облысында «Жастарға арналған 101 идея» қоғамдық науқаны бастау алды.
Кампанияның мақсаты – барлық Батыс Қазақстан облысы жастарының ойларын және ұсыныстарын негізге ала отырып, жастар үшін жұмыстың басты бағытын анықтау.
Жастар арасында жүргізілетін сауалнама барысында жастарымыздың ойлары мен пікірлері(ұсыныстары)негізгі екі бағытта жүзеге асырылып, анықталады.
- Ең біріншіден, бүгінгі «Жастарға не қажет?» екенін анықтау;
- Жастарға арналған идеялар мен жобаларды ұсыну
Өңіріміздің тұрғындары жастар мәселелеріне қатысты өз ойларын «Ақжайық жастары» – zhastar-07.kz порталында өтетін арнайы сауалнамалар арқылы жеткізе алады, сонымен қатар 15 қарашадан бастап www.crowd.kz2050.kz краудсорсинг платформасында өздерінің нақты жобалары мен ойларын ұсына алады.
Кампания арқылы ұсынылған пікірлер мен жобалар арнайы жастар арасында өткізілетін ашық алаңдарда, облыстық жастар форумында талқыланатын болады. Сараптамадан өткен нақты ойлар мен жобалар Жастарды дамытудың жол картасына енгізілетін болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу