«ЖАС САРБАЗ» СЫНЫПТАРЫ АШЫЛАДЫ
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысы мектептерінде «Жас сарбаз» сыныптары ашылады.

БҚО білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова облыста оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру, «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының өңірлік филиалдарын құру, әскери-патриоттық клубтарды жұмысын белсендіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Сондай-ақ 2019-2020 оқу жылында Орал қаласындағы үш мектепте және аудандардағы мектептерде «Жас сарбаз» сыныптары ашылады. Барлығы 15 сынып ашу жоспарланған.
Жалпы Батыс Қазақстан облысында оқушылардың қабілеттерін ашу, шығармашалықтарын дамыту және талаптарын жүзеге асыруға оңтайлы жағдай жасалған. Облыстағы 57 қосымша білім беру мекемелеріне 53,1% оқушы, мектептердегі түрлі шығармашылық үйірмелерге 36,8% қатысады, қосымша білім берудің туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркем, техникалық, эстетикалық, қолөнер түрлерімен облыс оқушыларының 90 пайызы қамтылған. Оқушылардың денсаулығын арттыру, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мақсатында облыс мектептерінде түрлі бағыттағы спорттық секцияларға оқушылардың 43,5 пайызы қатысады. Сонымен қатар, оқушылар арасында спартакиада, мектеп және колледж лигалары, турнирлер, спорттық жарыстар өткізіледі.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу