ЖАС ГИТАРИСТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Нұр-Сұлтан қаласында Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Струнная капель – 2019» гитаралы әндер фестивалінен батысқазақстандық өрендер жүлделі оралды.

Фестивальге облыстық «Шырқаған жастық шақ» фестивалінің жеңімпаздары дәлірек айтсақ, Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей ордасы аудандарының оқушылары қатысты. Сайыс «Гитарамен ән орындаушы», «Бардтық және туристік әндерді орындаушы», «Ансамбль», «Автор» номициялары бойынша төрт жас санаты бойынша өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша 10-12 жас ерекшелігінде «Автор» және «Гитарамен ән орындаушы» аталымы бойынша – Инабат Асқар(Бөкей ордасы ауданы), «Бардтық және туристік әндерді орындаушы» – Ақжол Бұхар (Бөкей ордасы ауданы) және «Бәйтерек» ансамблі фестивальдің лауреаттары атанды.
16-18 жас ерекшелігі бойынша «Бардтық және туристік әндерді орындаушы»номинациясында – Милана Шаппазгереева лауреат атанды.

13-15 жас ерекшелігінде «Автор» және «Бардтық және туристік әндерді орындаушы» номинациялары бойынша – Эльдар Габибуллаев (Ақжайық ауданы) және «Гитарамен ән орындаушы» –Нұрлыбек Мұғалімов (Бәйтерек ауданы), 16-18 жас ерекшелігі бойынша «Бардтық және туристік әндерді орындаушы» – Мансұр Мұхитов (Бәйтерек ауданы) және Бүркіт Талапов (Ақжайық ауданы), Фариза Ғабіл-Манапова «Автор» және «Гитарамен ән орындаушы» номицияларынан ансамбль «Жас қанат» (Бөкей ордасы) дипломант атанды.

БҚО білім басқармасы оқушыларды фестивальге тыңғылықты дайындаған, кәсіби шеберліктерін шыңдаған жетекшілері З.Ғұмаровқа (Бәйтерек ауданы), О.Ефремова және Р.Мырзахметовқа (Ақжайық ауданы) және А.Зайнуллинге (Бөкей ордасы ауданы) алғыстарын білдірді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу