ЖАС ДЕПУТАТ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
Бүгін өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттерімен кездесті.
«Ел болашағы – жастар қолында» тақырыбымен өткен қоғамдық дәрісте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Геннадий Шиповских алдымен университеттегі Бірінші бизнес-жоспарлар көрмесімен танысты.
Еліміздің ең жас депутаты өмірлік тәжірибесінен, еңбек жолынан сыр шертіп, Жастар жылына орай атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Экология мәселелері бойынша Арал теңізін қалпына келтіру, кіші Аралды сақтап қалу туралы ойларымен бөлісті. Кездесу барысында студенттер көкейдегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.
Версия для печати
Пікір үстеу