8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қыркүйек 2021 1441 0
Қоғам

ЖАРНАМА САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

          Орал қаласының прокуратурасымен жарнама саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау нәтижесімен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Атап айтқанда,  қала аумағында 2020 жылдың және ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жарнама саласында 75 кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы 37 871 656 теңгеге айыппұл салынды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Орал қаласының сәулет және қала құрылыс бөліміне жарнама саласындағы анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жіберілетін ұсынымдар жобасы дайындалды, заңсыз практика тоқтатылды. Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-бабына сәйкес профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, кәсіпкерлік субъектілеріне жарнамаларды орналастыру бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жолданбай, оларды жою туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Кәсіпкерлерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі, табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. Ал оның орнына кәсіпкерлерге бұзушылықтарды жоюға мүмкіншілік берілмей, бірден жауапкершілікке тарту үшін құжаттар мемлекеттік  кірістер басқармасына жолданып отырды.

Орал қалалық прокуратурасы

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»