ЖАЛАҚЫ ЖЫЛ САЙЫН ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕЙІНДЕ КӨБЕЙТІЛУІ КЕРЕК
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қазір ең төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысы көбейтіліп жатқанын айтты. Министр олардың жалақысы жыл сайын кем дегенде инфляция деңгейінде көбейтілуі керек дейді.

Министр Үкімет отырысында жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынастарын реттеу мәселесіне де тоқталды.
«Бұл реттеу қазір ұжымдық келісімшарт арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 40 мыңға жуық еңбек шартына қол қойылған. Көңіл бөлетін мәселе – кейбір кәсіпорындардың, мекемелердің жұмысшыларды келісімшартсыз жұмысқа алуы. Біздің мәлімет бойынша, қазір олардың саны бір мыңға жуық. Біз енді осылармен Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс істеуіміз керек. Келесі мәселе – ол да Мемлекет басшысының тапсырмасы, ең төменгі деңгейде жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көбейту. Осы шараның нәтижесінде қазіргі таңда 184 мың кәсіпорында 958 мың қызметкердің жалақысы өсті. Ендігі міндет – әкімшіліктермен, кәсіподақпен, жұмыс берушілермен бірігіп, осы жұмысты әрі қарай жалғастыру. Жалақы жыл сайын кем дегенде инфляция деңгейінде көбейтілуі керек. Негізгі мәселе – біз енді жаппай қысқартуға жол бермеуіміз қажет», – деді Бердібек Сапарбаев.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
BAQ.KZ
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу