ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ UFC-ДЕГІ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗЕДІ
Жалғас Жұмағұлов әлемнің үздік жекпе-жек лигасы UFC-дегі дебютін 11 шілде күні Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралында» бразилиялық Раулиан Паиваға қарсы өткізеді.
Раулиан Паив спорттық мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен. Ал UFC октагонына 3 мәрте көтеріліп, қос кездесуде жеңіліске ұшырап, 1 рет қарсыласынан басым түскен.
Жұмағұлов-Паива жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 03:55-те басталады. UFC 251 кешін «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Абу-Даби төріндегі басты кездесу жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Камару Усман мен Хорхе Масвидаль арасында өтеді. Бұдан бөлек негізгі кардта Александр Волкановски – Макс Холлоуэй және Пётр Ян – Жозе Альдо кездесулері бар.
Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қазан айында ресейлік файтер Али Багаутиновты(19-7) төрешілерінің шешімімен жеңіп, өзіне тиесілі чемпиондық атақты қорғап қалды. UFC тұжырымымен келісімшартқа отырған екінші қазақстандық. Бұған дейін М-1 Global турнирінде қарсылас шақ келтірмеген Шавкат Рахмонов аталмыш лигамен келісімге келген еді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу