8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2019 1666 0
Өзек

Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды

«Мүлдем төзбеушілік» қағидатын  қолдау және азаматтар жіберген құқықбұзушылықтардың жазасыз қалмауына, әкімшілік айыппұл салу туралы шығарылған қаулылардың орындалмауына жол бермеу мақсатымен  18 маусымнан бастап облыс аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды.  

 

Құзырлы органдар айппұлды қасақана төлемегендерге жалақысынан немесе басөа да табыстарынан ұстау немесе транспорттық көліктеріне тыйым салу сынды  мәжбүрлеп өндіру шарасын қолданатын болады. осыған орай БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі салынған айыппұлды қысқартылған әкімшілік өндіріс тәртібімен, яғни айыппұлдың негізгі сомасының 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлеуге шақырады.

Айыппұлдың, айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы нұсқамалардың бар-жоғын WWW.egov.kz және qamqor.gov.kz, немесе Жәңгір хан, 160 мекенжайындағы мамандандырылған ХҚКО-нан білуге болады.

Іс-шараның алғашқы күні-ақ полиция қызметкерлері «Автоураган» кешені арқылы әкімшілік айыппұлдарды төлемеген азаматтарды анықтады. Рейд барысында 45 борышкердің үйіне барып, 13 азаматқа айыппұлды төлеу туралы ескерту берілді.

Сонымен қатар полицейлер жалған нөмірлік белгімен жүрген Орал қаласының тұрғынын ұстады. Әрі оның екі мәрте жол қозғалысы ережесін бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, бағдаршамның тыйым салу белгісінде тоқтау сызығын кесіп өтіп, жылдамдығын асырған. Оған салынған айппұл – 20 200 теңге. Сондай-ақ ол жалған мемлекеттік нөмір белгісін орнатып, сол көлікпен жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Аталмыш жедел алдын алу шарасы 28 маусымға дейін жалғасады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
110 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»