ЖАЛҒАН БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ ӨЗІНЕ 1 МЛН. 440 МЫҢ ТЕҢГЕ АУДАРТЫП АЛҒАН
Орал қаласында өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқ
62 жасар әйелді алдап соғады.

Орал қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне сәуірдің 17-сі күні алаяқтық фактісі туралы хабарлама келіп түседі. 62 жасар әйелге белгісіз ер адам хабарласып, өзін «Каспий банкінің» қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған. Адамның сеніміне кірген қаскүнем әйелге қайдағы бір алаяқтар оған несие толтырмақшы деп айтып, оның орнына өзі несие алып бере алатынын түсіндіреді. Алдымен әйел әлгі қудың сөзіне сене қоймаған. Алайда алаяқ айтқанынан қайтпай, оның телефон нөмірі қолдау көрсету қызметінің нөмірімен сәйкес келетінін, тек коды өзге деп түсіндіреді.
Айлакердің сөзіне сенген ол өзіне несие алып, артынан қызына да толтыртады. Мұнымен қоймай жігіт оның депозиті бар-жоғын сұрап, ондағы бар ақшаны «сенімді шотқа» аударуға кеңес береді. Әйел барлық айтқанын мүлтіксіз орындайды.
Соңында әйел алаяққа жалпы 1 млн. 440 мың теңге көлемінде ақша аударып жібереді.
Аталған факті бойынша қылмысты ашу бағытында Орал қ. ПБ ҚК-нің 190-бабы 2-бөліміне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған ұқсас жағдай наурыздың 30 күні Орал қаласының 31 жасар тұрғыны да алаяқтың қармағына ілінді. Ол онлайн түрде несие алып беремін деген алаяққа сеніп, «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы 56 700 теңге көлемінде ақшасын аударып жіберген.
Полиция қызметкерлері алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмауға және банктік картаңыздағы деректерді біреуге бермеуге кеңес береді. Егер сіздің шотыңызға қатысты проблемалар болса, бұл мәселені ешқашан телефон арқылы шешпеңіз, банкіңіздің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласқаныңыз дұрыс.
Сенетін адамдарға 16 таңбалы карта нөмірін беруге болады. Бұл сізге басқа банк картасынан аударым жасау үшін жеткілікті.
Төменде көрсетілген деректемелерді ешкімге айтпаңыз және хаттар мен SMS-терде көрсетпеңіз: банк карта иесінің аты-жөні, қолданылу мерзімі, CVV-нің үш таңбалы нөмірі, сондай-ақ төлемдер мен аударымдарды растау үшін PIN және SMS кодтары.
Интернет арқылы төлеген кезде, карта туралы мәліметтерді көрсетпес бұрын сайт мекен-жайының дұрыс және қосылым қауіпсіз екенін тексеріп алғаныңыз жөн.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу