8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Шілде 2019 1231 0
Без рубрики

ЖАЙЫҚТЫҢ ЖАЙЫ АЛАҢДАТАДЫ

              М.Өтемісов атындағы  БҚМУ-да ҚР  Энергетика министрлігінің,  ҚР Экология, геология және табиғи  ресурстар  министрлігінің, Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық ұйымының, РФ  Орынбор облысының қолдауымен  және  Батыс  Қазақстан облысы әкімдігінің  ұйымдастыруымен  «Жайық  өзені бассейнінің  экологиясын  сақтаудың  бірлескен  институционалдық  және  экономикалық тетігі  бойынша  ұсыныстар  дайындау және  халықаралық  тәжірибелерді зерттеу мәселелері»  тақырыбында  екікүндік семинар  өтті. 

       

Халықаралық семинарға ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы, елші Дьердь Сабо, ҚР Парламенті мен РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары, ғалымдар, халықаралық  және  отандық  сарапшылар  қатысты.

– Жайық өзені біздің өңіріміздің және көршілес Ресей Федерациясы облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуында зор рөл атқарады. Сондай-ақ бұл өзен қос мемлекет үшін тарихи, эстетикалық және мәдени маңызға ие. Бұған қоса Жайық өзені бассейнінің  экожүйесі жағдайының нашарлауы,   соның ішінде су сапасының төмендеуі, жайылма ормандардың азаюы, биологиялық ресурстардың, әсіресе бағалы бекіре тұқымдас балықтардың жойылуы байқалды.  Бассейннің жағдайы алаңдаушылық тудыруда. Бұл мәселелер бірнеше мәрте түрлі деңгейде, яғни Мемлекет басшылары, Үкімет және Қазақстан мен Ресей парламентшілерінің араласуымен қарастырылды. Екі мемлекет басшысының кездесуімен трансшекаралық өзендердің экожүйесін сақтау бойынша келісімшартқа қол қойылды. Мұның барлығы стратегиялық тұрғыда шешілді. Атап өту керек,  күні бүгінде Жайық өзені Орал қаласын сумен  және жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, жылдық көлемі 17 млн. текше метрді құрайды. Биыл өзеннің деңгейі едәуір төмендеді. Бұл тұрғыда сумен қамтамасыз етуде баламалы қуат көздерін қолдану жолдары қарастырылуда.  Ауыз судың жерасты көздерін қолдануды жоспарлап отырмыз, қазіргі таңда салалық министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өзенді сақтауда бірлескен мақсатымызға жетерімізге сенемін, – деді жиында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Шарада ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы, елші Дьердь Сабо, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Наталья Дәулетьярова, РФ Орынбор облысының табиғи ресурстар, экология және меншік қатынасы министрінің міндетін атқарушы Константин Костюченко, «Біздің Жайық – Наш Урал» экологиялық-туристік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Тарасенко және қос елдің сарапшылары мен ғалымдары сөз алып, Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жан-жақты жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Батыс Қазақстан, Атырау және Ресей елінің көршілес Орынбор облысында бірдей аталып өтетін «Жайық күні» қарсаңында ұйымдастырылған халықаралық семинарда Жайық өзені бассейнінің экожағдайын жақсарту, өзен арнасын тазарту және тереңдету, жоғарыдан келетін су қарқынын арттыру, жасанды су қоймаларын салу, ортақ инвестициялық қор құру сияқты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
71 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
143 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
372 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
855 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1233 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1139 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1592 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2208 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2372 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2380 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2431 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2435 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2054 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2915 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2969 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2963 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3544 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3535 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3671 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»