«ЖАЙЫҚ ТАЗА ҚАЛАДАН» ТАРТУ
С.Сейфуллин көшесіндегі тынымбаққа 175 тал-терек отырғызылуда. Бұл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығна орай «Жайық таза қала» ЖШС-ның қалаға тартуы. Сондай-ақ мекеме ұжымы дәл осы бастаманы қаламыздағы өзге де кәсіпорындарға жолдайды.
Жас көшеттер бүгін түптендірілді. Бұл игі шараға «Жайық таза қала» ұжымымен бірге Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй да қатысты.
«Жайық таза қала» алдағы уақытта бұл аумақты көгалдандыру, күтіп-баптауды жалғастырмақ.
– Теректер тамырын жайып кеткенінше өзіміз күтіп-баптайтын боламыз. Сонымен қатар осы тынымбақтың оң жағын арша, бұталармен толықтырамыз. Қаламыз сәнді, жасыл шаһар ретінде танымал. Осы орайда көгалдандыруға әр кез көңіл бөліп, азаматтық белсенділігімізді танытуымыз қажет. Біздің бастамамызды жалғастырады деген сеніммен әріптестерім, облыстық мәслихат депутаттары – Мұрат Жәкібаевтың «Аққайнар» компаниясына, Нұрғазы Сәтбаев басқаратын «Uniserv» және Нүрия Муфтиева басқаратын «Конденсат» компаниясы ұжымдарына жолдаймыз, – деді облыстық мәслихат депутаты, «Жайық таза қала» ЖШС құрылтайшысы Тұрарбек Тілемісов.
Сонымен қатар бұл тынымбаққа қаланы көгалдандыру саласында 40 жыл еңбек еткен еңбек ардагері Лұқпан Өтебалиевтың құрметіне орай ескерткіш тақтасы қойылмақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу