ЖАЙМА БАЗАРЛАР ТЕКСЕРІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі нұсқауын орындау мақсатында халық арасындағы ішкі істер органының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс аумағында 2019 жылғы 15 қыркүйек-10 желтоқсан аралығында ішкі істер органының барлық күштері мен құралдарын, жұртшылықты қатыстыра отырып «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде.

Аталмыш іс-шара аясында өздеріне тиесілі аймақтарды тексеру, Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласының абаттандырылуына үлес қосу, қаламыздың санитарлық жағдайын көтеру және ықшам аудандар тұрғыдарының өтініш- тілектерін орындау мақсатында кешенді тексерістер жүргізілуде.
Кезекті тексеріс пен рейд 2019 жылғы 22 қазанда ұйымдастырылып, БҚО ПД ЖПҚБ- ның жауапты басшылары мен Орал қ.ПБ ЖПҚб инспекторлары «Жайық» дүкені төңірегіне жиналған жайма базарларды жою мақсатында тексерді. Осы аймаққа қызмет көрсететін №15 және №16 учаскелік полиция пункітінің инспекторлары заттарын жерге төсеп немесе жер үстелдерге қойып сауда көрігін қыздырып отырған саудагерлермен жеке-жеке сөйлесті, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2014 бабына сай белгіленбеген орындарда сауда жасағандары үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын, көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғатынын қатаң ескертті. «Жайық» базары төңірегіндегі көп пәтерлі жәйлі үй тұрғындары мен зейнеткерлер тәртіп сақшыларына сұрақтарын қойып, түн ішінде жастардың шуламауларын тексеруді өтінді.
Қала тазалығы бір күндік немесе бір ай ішінде шешілетін мәселе емес. Көне шаһардың келбетіне нұқсан келтірмей, ретсіз жайылған сауда нүктелерін жоюға көпшілік жанашыр тұлғалар үлес қосуы тиіс. Бұндай рейдтер басқарманың жергілікті полиция қызметі бөлімінің тарапынан алдағы күндері де жалғасын табады.

Гүламан Исмагулова,
Ора қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу