8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2021 1576 0
Қалалықтар қаперіне

«ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Оралда «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы өтуде.  Жедел алдын алу шарасы 5-10 тамыз аралығына жоспарланған.

Мақсат – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ көліктегі апаттылықты төмендету. Шара барысында патрульдік полиция батальоны өзге де мүдделі ұйымдардың белсенді өкілдерімен бірге рейдтер ұйымдастырады. Көлік жүргізушілеріне «Жол тәртіпті талап етеді», «Өзіміз бен жақындарымызды бәледен қорғау тек біздің қолымызда» т.б. ескертпелері  бар жадынамалар үлестірілуде.

Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз хатшысы Г.Исмағұлованың мәліметінше, жыл басынан бері Орал қаласы аумағында жаяу жүргіншілердің  себепкер болуымен 11 жол көлік апаты тіркелген. Апат нәтижесінде 1 адам ажал құшты, 10  адам түрлі дене жарақаттарын алды.

–  Кез-келген жаяу жүргінші өтпелі жоқ көшеден өтуге болмайды. Ол үшін жақын маңдағы көше қиылысына немесе «Жаяу жүргінші өткелі» деген белгі орнатылған жерге дейін барып, арнайы өтпеден өтуі керек. Осы орайда рейд  барысында жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтауларына басымдық берілетін болады, – деді полиция басқармасының өкілі Гүламан Исмағұлова.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»