8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2020 1254 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАБУҒА ЖАТПАЙТЫН, РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ

27  сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа қаулысы шықты.

Онда  «Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06.00-ден сағат 20.00-ге дейін шектеу режимі аясында жұмыс істейтін болады. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көліктерге жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғап) ғана рұқсат етіледі. Жеңіл көлік (такси) кемінде 3 адаммен толығуы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғап) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі қажет» деп көрсетілген.

Сондай-ақ қаулының қосымшасында  ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілген:

 

Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:

  1. ауруханалар мен емханалар (денсаулық сақтау басқармасының тізімдері бойынша);
  2. зертханалық қызметтер;
  3. үйде медициналық қызметтерді жүзеге асыратын мекемелер;
  4. ветеринариялық және мал шаруашылық жедел көмек қызметтері;
  5. шұғыл стоматологиялық қызметтерге арналған стоматологиялар;
  6. емхананың медициналық тауарларын дистрибуциялау;

 

Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:

  1. электр энергетикалық компаниялар;
  2. сумен жабдықтау;
  3. газбен жабдықтау компаниялары;
  4. жылумен жабдықтау;
  5. электриктер, сантехниктер қызметтері;
  6. өрт қызметі;
  7. көшелер мен орынжайларды жинау жөніндегі қызметтер;
  8. қалдықтарды жинау, өңдеу және зарарсыздандыру;
  9. дезинфекциялау;
  10. телекоммуникация (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілеген тізімдер бойынша);
  11. қоғамдық автокөлік қызметтері, соның ішінде Орал қаласы бойынша ресми тіркелген такси қызметтері;
  12. әуежайлар;
  13. теміржол бекеттері;
  14. пошта, курьерлік және жүк қызметтері;
  15. әлеуметтік қамсыздандыру

 

Өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы:

  1. тағам өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарлар өндіруді қоса;
  2. ауыл шаруашылығы;
  3. химреагенттер;
  4. дәрілік препараттар;
  5. медициналық жабдықтар/құралдар;
  6. фармацевтика, химия өнеркәсібі;
  7. санитарлық гигиена өнімдері;
  8. үйге арналған қағаз бұйымдар;
  9. машина жасау;
  10. металлургия, дайын металл бұйымдарын өндіру;
  11. жеңіл өнеркәсіп.
  12. мұнай-газ өнеркәсібі

 

Бөлшек сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:

  1. азық-түлік дүкендері (сағат 09:00 ден 21:00 ге дейін рұқсат етілген);
  2. ұйымдастырылған көтерме жеткізілімдерді барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып қоспағанда, 2020 жылғы 18 сәуірден бастап 2020 жылғы 11 мамырға дейін Орал қалалық азық-түлік базарының қызметі тоқтатылсын.
  3. дәріханалар;
  4. АЗС, АГЗС;
  5. жеткізу қызметтерін көрсететін (тек жеткізу үшін) мейрамханалар/барлар/кафелер/асханалар (жеткізу қызметтері жоқ қоғамдық тамақтану объектілері қызметін тоқтатуы тиіс);
  6. құрылыс (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілейтін құрылыс нысандары тізімдері бойынша).
  7. ірі құрылыс дүкендері
  8. Бөлек орналасқан автобөлшектер дүкендері (базарлардың аумағында орналасқан сауда нүктелерін қоспағанда)

 

Басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:

  1. тағам өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажетті тауарларды жеткізу қызметтері – сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  2. тағам өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/ дистрибуция;
  3. банктік қызметтер (карантин кезеңінде бөлімшелердің кемінде 50% жапсын, жұмыс істейтін бөлімшелердің тізімдерін банктің сайтында жарияласын, алдын алу шараларын қамтамасыз етумен және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтаумен жұмыс режимін сағат 10.00-ден сағат 16.00-ге дейін шектесін, инкассаторлардың, байланыс орталығы қызметкерлерінің, техникалық қолдау инженерлерінің, кассирлердің, телеком жабдықтары жүктерімен машиналардың немесе компанияның жүкқұжатына сәйкес қала бойынша қозғалысына рұқсат берсін);
  4. қонақ үйлер (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін);Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.
  5. жатақханалар (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін, сондай-ақ ЖОО және білім беру нысандары қызметкерлерінің тұруы үшін);
  6. қарттар үйлері;
  7. балаларға арналған үйлер;
  8. үйсіз адамдарға арналған орынжайлар;
  9. жануарларға арналған орынжайлар;
  10. жерлеу қызметтері жөніндегі агенттіктер, крематорийлер мен зираттар;
  11. БАҚ.
  12. Жиһаз өндірісі.
  13. Құрылыс индустриясы
  14. ТҚКС, авто жуу, шиномонтаж қызметі.

Аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар.

 Ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
123 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
166 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
411 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
893 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1270 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1162 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1629 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2246 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2411 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2418 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2469 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2473 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2077 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2953 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3006 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3000 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3615 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3582 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3573 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3548 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3709 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»