ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ!
Өңірімізде бастау алған «Ақжайық шеберлер қаласы» жобасы шеңберінде бүгін жергілікті шеберлер қаладағы №5 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасында жүргізушілер мен жолаушыларға тегін маска үлестірді.

Бұл жолы БҚО волонтерларын қолдау орталығы «Біз біргеміз» акциясы аясында жеке кәсіпкер Жарқынай Еселбаеваның бастамасымен игі істі қолға алыпты. Волонтерларды қолдау орталығының және «Ақжайық шеберлер қаласы» жобасының жетекшісі Айболат Құрымбаевтың айтуынша, Еріктілер жылы шеңберіндегі бұл акция әрі қарай да жалғасын табады. – Әрине, біздің ресурстарымыз шектеулі. Егер мата сататын кәсіпкерлер қолдайтын болса, масканы тегін тігуге әзірміз. Бүгін міне, тегін 100 масканы қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларға таратудамыз, – дейді ол.

Аталмыш жоба мүшесі, «Рахмет» жеке кәсіпкерлігінің иесі Жарқынай Еселбаева бұған дейін де тың идеяларымен танымал жан.
– Менің командамда Қазақстанның әр қаласынан 100-ге жуық шебер бар. Қоғамда орын алған келеңсіз жағдайға байланысты маска тапшылығы орын алуда. Осыған орай шеберлер бір ауыздан келісіп, тегін маска таратуды қолға алдық. Мақсатымыз – ел тыныштығы, халықтың саулығы. Бір маскамыз – бір адамның өмірін сақтап қалса игі. Бұл жобаны өзге қалалардағы шеберлерге жолдаймын. Күніне шамамен 50 маска тігемін. Тапсырыстар түсіп жатыр, бірақ әзірге тегін таратамыз. Үйде отырған өзім секілді көпбалалы аналарды әр адамның қолынан келетін осындай пайдалы іспен айналысуға шақырамын. Жақсылық жасап жарысайық, – дейді Жарқынай Рахметқызы.
Соңғы аялдамаға аялдаған автобус жүргізушілері мен кондукторлар қоғамдық көліктерді залалсыздандырып, сақтық шараларын жасауда. Жүргізуші Роман Керцманның айтуынша, дүйсенбіден бері қоғамдық көлікке мінетіндердің нөпірі күрт азайған. – Әр айналым сайын автобусты хлорлап, сақтық шараларын қатаң сақтаудамыз,. Әр адамның денсаулығы маңызды, – дейді ол.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу