8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2024 2597 0
Мезгіл мәселесі

Жағдай мәз емес!..

Кеше, наурыздың 27- і күні облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов БАҚ өкілдерімен кездесіп, су тасқынына байланысты мән-жайды түсіндірді.


– Соңғы мәліметтерге сүйенсек, өңірде 70 үйге су кірді. Оның ішінде Оралда-19, Бәйтерек ауданында-10,Переметный, Дариян, Володар ауылдары. Тасқала ауданында-4, Теректіде-2, Подстепныйда-17, Ұзынкөлде-2. Бұл көрсеткіш тек соңғы берілген ақпаратқа байланысты. Әлі де саны көбеюі мүмкін.

Өзендердегі судың көтерілу деңгейі Тасқала ауданында байқалды. Сондай-ақ Деркөл, Шаған өзендері қалыпты деңгейден асты. Басқа өзендерде қауіп жоқ. Оралда-17, Бәйтерек ауданында-2 нысанда және қаладағы бес қабатты үйлердің жер төлесіне су кіріп, жұмыстар атқарылуда. 19 жолдың 26 учаскесінің жолын су шайып кетті.

Қаратөбе ауданының Қоржын ауылында Жақсыбай өзенінің сағасы көтеріліп, 80 жеке үй су астында қалды. Шамамен 300-400ге жуық адам мектепке көшірілді. Мұның барлығы қардың қарқынды еруі мен жаңбыр суынан болды,-деді Қалияр Айтмұхамбетов.

Гүлім НҰРҚАТ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
125 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
370 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»