ЖАҢБЫР ЖАУЫП, СОҢЫ ҚАРҒА ҰЛАСАДЫ
Синоптиктер 29-31 қазан аралығындағы ауа райы қандай болатынын жариялады.
«Қазгидромет» РМК өкілдерінің мәліметінше, қазан айымен бірге аномальді жылу да аяқталады. Атлантикадан жылы және ылғал ауаны әкелген батыстық тропосфералық ағымдар солтүстік-батысқа қарай ауыса бастайды.
Сондықтан қазан айының соңғы күндерінде Қазақстанда алдымен батыс, сондан соң солтүстік облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласуы ауа-райы құбылады және температураның климаттық нормаға дейін төмендеуі күтіледі.
Версия для печати
Пікір үстеу