«ЖАҢАРУ» ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ
Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, облыс әкімдігінің қолдауымен «Қазіргі кезеңдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелер: мемлекет пен қоғамның өзара әрекеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтар өкілдері, «ЖАҢАРУ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері қатысты.
– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Сыбайлас жемқорлықты жою және жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Жыл басынан Батыс Қазақстан облысы бойынша 116 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркеліп, оның ішінде 39 құқық бұзушылық жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің қатысуымен болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 41%-ға төмен болғанымен, бұны жақсы көрсеткіш деп санауға болмайды. Осы бағытта әлі де ауқымды жұмыстар жүргізу қажет. Облысымызда Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және мемлекеттік қызметтің жоғары мәдениетін қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мысалға, өңірімізде қолға алынған «Ашық әкімдік» жобасы азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсететін алаңға айналып, тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілер арасын едәуір жақындатқаны сөзсіз. Бүгінде «Ашық әкімдік» Орал қаласының әкімдігі ғимаратында, Ақжайық, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында жұмыс істеп тұр. Бүгінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері көбінесе жер, сәулет және қала құрылысы, білім беру және медицина салаларында орын алып отыр. Аталған кемшіліктерді жою мақсатында осы салалар бойынша бірқатар қызметтер автоматтандырылды. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын, табысты және өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды 80 пайызға жеткізу міндеті қойылды, – деді жиында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Өңір басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен 193 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның 128-і электронды түрде беріледі. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Президент алға қойған міндеттерді іске асыруда тек мемлекеттік, квазимемлекеттік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттары атсалысуы қажет. Осы бағыттағы жұмыс барысында азаматтық сектордың рөлі зор. Облыста «Болашаққа парасыз. Бірге!» жобасы қарқынды жүзеге асырылып, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Адал ұрпақ» клубы құрылды. Жыл басынан бері «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде әр түрлі ұйым өкілдерімен 125 кездесу, 35 нұсқама, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 500-ден астам түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін өңірде қолға алынған маңызды жаңашылдықтардың бірі – бос жер телімдерін электронды әдіс арқылы сату. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалған Zem.kz порталы арқылы әрбір азамат немесе заңды тұлға, электронды түрде сайтқа тіркеліп, аукционға қатыса алады. Жыл басынан бері көлемі 94 га құрайтын 180 кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша 32 аукцион өткізілген.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің айтуынша «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысының мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларын қолдау. – Әр өңірдегі қоғамдық қозғалыстың филиалдарында түрлі маңызды жұмыстар атқарылуда. Жемқорлықпен күрес алдымызда тұрған үлкен міндет. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына сараптама жасап, кемшіліктерді анықтаймыз. Жеке әдейілеп біреуді тексеріп, ұрлығын әшкере ету біздің құзырымызға кірмейді. Біз біріншіден, жемқордың сыбайластыққа жол беруіне не себеп болғанын анықтаймыз. Мемлекеттік қызметкердің жағдайын жақсартуымыз қажет. Яғни жалақысының мөлшерін көбейту керек. Әрине, басқа елдердің тәжірибесінде сыбайлас жемқорлық жоқ. Оларда мемлекеттік қызметкердің мәртебесі жоғары. Сол себепті заң бұзушылыққа жол бермейді. Болашақта мемлекет болып, қоғам болып сондай деңгейге жетеміз деп ойлаймыз, – дейді Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне қарсы тұрудың тиімділігіне түбегейлі әсер ететін бірқатар ережелер талқыланып, оның көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыруға және қоғамға қарсы құбылыстың салдарын барынша азайту жан-жақты талқыланды.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу