8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2018 3464 0
Дені сау ұлт

ЖАҢАҚАЛА АУРУХАНАСЫ ЖАПОНИЯЛЫҚ ГРАНТҚА ҮМІТКЕР

Бүгін «Корни Травы» қайтарылымсыз гранттық бағдарламасының координаторы Амантай Жанармен бірге Жапон елшілігінің Атташесі ТАНАКА Юма Жаңақала аудандық орталық ауруханасына іссапармен келді. Оларды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрданат Беркінғали мен Жаңқала аудандық ауруханасының директоры Шыңғыс Сәрсенғалиев қарсы алды.

 

ШЖҚ «Жаңақала аудандық орталық ауруханасы» МКК 2018 жылдың мамыр айында Жапон елшілігінің «Корни Травы» қайтарылымсыз гранттық бағдарламасына құжаттар жолдаған болатын. Аурухана қажеттілігіне байланысты бейне гастроскоп және бейне эндоскопиялық жүйені (23 млн. 600 мың) алу үшін грант алуға үміттенген.

Ауданда онкологиялық ауруларға, ас қорыту жолдары ауруларына шалдыққандар аз емес. Жаңақала ауданы облыс орталығынан қашықта орналасқан, қазіргі жағдайда белгілі бір ауруға күманданған жағдайда бейне гастроскоп аппаратына түсіру үшін науқастарды Орал қаласына жолдап отыр, оған әрбір адамның мүмкіншілігі жете бермейтіні анық, егерде осындай қымбат, заманауи медициналық аппараттар аудан орталығында болған жағдайда тек Жаңақала ауданының ғана емес, жақын көршілес аудан тұрғындарының да қолжетімді көмек алары сөзсіз.

Өз шешімін жапониялықтар жылдың аяғына дейін қабылдайды.

Облздрав Уральск

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
114 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
366 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»