8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2019 2368 0
Мәслихат жаршысы

ЖАҢА ЖОБАЛАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАТЫЛДЫ

          Бүгін облыстық мәслихаттың үлкен мәжіліс залында облыс әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтті. 

  

Конференция жұмысын ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін өңір тұрғындары толық қолдайтынын жеткізді. – Бұл биліктің тұрақтылығы мен елдің бірлігін нығайту үшін дер кезінде қабылданған орынды шешім. Мемлекет басшысы сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік беріп отыр. Халық болып сайлаған Мемлекет басшысының беделі жоғары, өзіне деген сенімі берік болады, – деген  өңір басшысы Алтай Сейдірұлы алдағы науқанның әрбір қазақстандыққа зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

Конференцияның күн тәртібінде Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы талқыланып, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХIX Съезіне делегаттар сайланды.

Жиында сөз алған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен Тұңғыш Президент, Партия төрағасы Н.Назарбаевтың «NurOtan» партиясының XVIII съезінде жүктеген тапсырмасына сай, партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын баяндады. – Бүгінде еліміз жаңа дәуірге, «Nur Otan» партиясының Төрағасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың курсын жалғастыру дәуіріне кіргелі тұр. Партия алдында жаңа сын-қатерлер мен жаңа міндеттер тұр. Бүгінде жаңа партиялық жобаларды іске асыру бойынша облысымызда бірқатар жұмыстар атқарылуда.  Облыс бойынша көп 6912 көпбалалы отбасы бар. Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек 2093 отбасына тағайындалды. Соның ішінде 9968 адамға, 201,8 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмекпен биыл шамамен 5186 отбасы, оның ішінде 24 481  адам,  15 992 бала қамтылатын болады. Күні бүгінге облыс бойынша 11433 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың тұрмыстық жағдайы тексеріліп әлеуметтік карта толтырылды. Облысымызда 1 сәуірден бастап енгізілген өзгерістерге, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа өлшемі бойынша кең көлемде түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда 8864 адамға кеңес берілсе, 3384 адамның өтініші қабылданды. «Халыққа көмек» партиялық жобасын іске асыру аясында  қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы «Бірыңғай әлеуметтік терезе» акциясы жұмыс жасауда. «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасының басты мақсаты ауыл халқының өмір сапасын арттыру, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жастардың белсенді қатыстыру болып табылады. Жалпы өңірімізде 435 ауылдық елдімекен бар, онда 320 мыңнан астам адам тұрады. Ауылдарды таза ауыз сумен қамту, жолдарды салу және жөндеу,  сапалы кең жолақты интернет жеткізу секілді мәселелер бар.  Жоба шеңберінде перспективті елдімекендер айқындалатын болады. Ағымдағы жылы облыстың перспективті ауылдарын дамыту үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге қарастырылды. Жоба аясында партия ауыл жастарын қолдауға бағытталған жұмыстарды да бірлесіп атқаратын болады, – деді Серік Кенжебекұлы.  Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, осы бағытта «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауыл жастарын жұмыспен қамту көзделген. Партияның «Заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханаларды қазіргі заманғы коворкинг және білім орталықтарына айналдыру қолға алынған. Бүгінде облысымызда жастарға арналған 11 коворкинг орталық жұмыс жасауда. Бұған қоса, партиялық жоба аясында 100 мектептің спорт алаңы салынуда. Басым бөлігі ауыл мектептерінде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Партия Үкіметпен бірлесіп «Құтты мекен» жобасын іске асыратын болады, ол азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруға бағытталмақ. Жоба халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімділігі, бүкіл ел бойынша инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық саланы жетілдіру мәселелерін қамтиды. Осы орайда жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына партия да өз үлесін қосатын болады. Биылғы жылға, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына  12,9 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 19 көппәтерлі және ауылдық жерлерде 119 тұрғын үй салынуда. Жыл соңына дейін 15 көппәтерлі және ауылдық жерлерде 50 тұрғын үй 2051 пәтер пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ өңірде құны 5,5 млрд. теңгеге үш мектептің құрылысы басталған. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. 53 мың адамды қамтыған 39 елдімекенде 28 сумен қамту нысандарының құрылысына 4,1 млрд.  бөлінген. Жыл соңына дейін 19 елдімекенде 15 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың  уақытылы игерулі, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі партияның жіті бақылауында болады.

Бұдан әрі  партияның Теректі аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрхат Жанбоз аталмыш партиялық төрт жоба шеңберінде Теректі ауданында жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып, халықты алаңдатқан өзекті мәселелерді шешуге партия тарапынан нақты үлес қосылып жатқанын жеткізді. Оның мәлімдеуінше, аудандық партия филиалында жұмыс істейтін қоғамдық қабылдау бөлмесінде Бірыңғай әлеуметтік терезе ашылып, ауыл тұрғындарын алаңдатқан барлық өзекті әлеуметтік мәселелерді дереу анықтап, жан-жақты талдап, оларды оң шешу үшін мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп жұмыс істелуде. – Теректі ауданының аумағы үлкен. Ауылдарды аралаған кезде өзімнің жеке ватсап нөмерімді тұрғындарға беріп: «Күн болсын, түн болсын, мереке, демалыс күндеріне қарамай, туындаған сұрақтарығыз болса, маған хабарласыңыз» деп айтып жүремін. Бұл жұмыс өзінің оң нәтижесін беруде. Шалғай елдімекендердің тұрғындары аудан орталығына құжаттарын тапсыру үшін кейде 100 шақырым жол жүріп келеді. Кейбір құжаттары қалып қояды, үйлеспей қалады. Сондықтан тұрғындарымыз әрлі-берлі жүрмес үшін, алдымен ватсап арқылы маған хабарласып, құжаттарын тексертіп алып, содан кейін аудан орталығына бір рет қана келіп кетеді. Осылайша тұрғындарымыз жол шығынын да үнемдейді, уақытын да үнемдейді. Бір мысал, биылғы қыс енді ерекше болды ғой, қар қалың түсіп елді-мекендерге жету қиын болды. Бірде Алғабас станциясында тұратын көпбалалы ана менің ватсабыма шығып, жеке мәселесі бойынша шағымданды. Көлікке отырып, ауылға жол тарттық. Сөйтіп, Шөптікөл ауылына жеткенде көлігіміз батып қалды. Енді не істейміз? Көлігімізді тастап, үш шақырым жаяу жол жүріп, күміс алқалы анамызбен кездесіп, көмек көрсетілді, – деді Нұрхат Жанбоз өз сөзінде.

Ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды жетілдіруге, ауылды мамандармен қамтамасыз етуге және ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған  «Ауыл – ел бесігі» жобасы да теректіде сәтті жүзеге асуда екен.  Мәселен, 408 млн. теңгеге Подстепный ауылындағы №17 және №48 көшелерді жөндеуді жоспарланған, одан бөлек        277 млн. теңгеге Ақсуат аулының мектебі күрделі жөндеуден өтпек. Аудан орталығында жөндеуді қажет ететін алты көше, Шаған ауылына мәдениет үйін салу жоспарда. Подстепное ауылындағы екі 3-қабатты тұрғын үй құрылысы, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Жаңа Өмір ауылындағы 3 қабатты тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ, Ақсуат ауылына және Ақжайық санаториясына кіре беріс жолдарын күрделі жөндеу, Федоровка ауылындағы 528 учаскені электрмен жабдықтау, 4 ауылда су құбырының құрылысы (Жайық, Богдановка, Приречное, Юбилейное), 7 ауылды газдандыру жұмыстары (Төңкеріс, Долин, Қоныссай, Қарабас, Дуана, Сатым шеген, Бозай) партияның қатаң бақылауында. «Құтты мекен» жобасымен «Nur Otan» партиясы еліміздегі қоғамдық бақылаудың басты институтына айналады.

Жиын соңында ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХIX Съезіне делегаттар сайланды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
118 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
340 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
827 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1205 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1118 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1564 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2179 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2346 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2352 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2404 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2406 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2035 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2887 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2940 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2936 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3547 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3518 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3505 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3483 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3644 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3691 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»