ЖАҢА ТЫНЫМБАҚ АШЫЛАДЫ
Қаладағы Т.Масин көшесіндегі шаһар шырайын келтіретін жаңа саябақ аяқталуға таяу. Сәні мен салтанаты келіскен саябақты жеке кәсіпкер, «БККС» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Жасұлан Жақыпов қалалықтар игілігіне сыйға тартпақ.

Кәсіпкер бұл мақсатқа 40 млн.-ның үстінде қаражат бағыттап отыр. Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Орынбасар Бисенғалиевтың айтуынша, бұл ағымдағы жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында Орал қаласында демеушілердің қаражаты есебінен салынып жатқан үшінші тынымбақ. Мұндағы құрылыс монтаждау жұмыстарын «Эркер» ЖШС жүргізуде. Жұмыстар әлі толықтай аяқталған жоқ. Яғни айналаны қоршап, тазалау жұмыстары ғана қалды. Қосымша бейнебақылау камералары орнатылады. Таяу күндері толықтай пайдалануға беріледі.
– Т.Масин ескерткіші жанындағы бос жатқан алаңқайды халық игілігіне пайдалансын деп шештім. Саябақта архитектуралық құрамалар, яғни жүргіншілер жолы, жарықшамдар, орындықтар және балалар алаңқайы орнатылды. Аумағы 540 шаршы метрді құрайды. Барынша жасыл-желекті сақтауға тырыстым, – дейді кәсіпкер.
Бұдан өзге шаһарда Еуразия даңғылы бойындағы «Сити центр» маңынан және Ет комбинаты ауданынан «Денсаулық» саябағы ашылды. Сондай-ақ 29 аула абаттандырылып, 10 аула спорт алаңымен жабдықталды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа
Теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Кіру
Пікір үстеу