ЖАҢА ТЕЛЕЖОБА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАСПАНАЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Қазақстанда «Анашым, біз үйдеміз» тележобасы басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды демеу еліміздегі басты бағыттардың бірі. Мысалы, жыл сайын көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың өзінде атаулы әлеуметтік көмекпен қатар 40 мың жалдамалы пәтер құрылысына қатысты жаңа іс-шаралар қолға алынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де көпбалалы отбасыларға байланысты бастамаларды қолдауға әрдайым дайын. Осы орайда мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында «31-арнамен» бірігіп «Анашым, біз үйдеміз» деп аталатын жаңа жобаны көрерменге ұсынып отырмыз», – деді министр.
Осы орайда ол пәтерді жөндеу бүгінгі таңда әсіресе көпбалалы отбасылар үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын баса айтты.
«Отандық телеөнім арқылы осы мәселенің шешімін табамыз деп ойлаймыз. Пәтерлер мен үйлер толық жаңарып, жобадағы әрбір отбасы мүшелерінің өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы баспаналарға айналады. «Анашым, біз үйдеміз» жобасының кейіпкерлерімен де көрермен жан-жақты танысады. Отбасының тұрмысы, тағдыры ешкімді де бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын», – деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, жобаны дайындау бүгін басталды. Оған қатысу үшін өтінімді dom@31.kz электрондық поштасына жіберу немесе +7 7082677326 нөмірі арқылы жоба үйлестірушілеріне байланысу қажет. Ал 11 тамыздан бастап «31-арна» көрермендері әр отбасымен жеке танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейгеніне куә болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу