8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2019 4211 0
Жалын

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ИГЕРГЕН КОЛЛЕДЖ

Қазіргі жағдайда ел экономикасы үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудың негізгі базасы болып табылатын техникалық және кәсіптік білім жүйесіне талап күшеюде. Жаңа уақыт үздіксіз білім мен қажетті дағдыларды игеруді талап етеді. Осы орайда таяуда ғана Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі атауы «Жоғары аграрлы-техникалық колледжі» болып өзгерген болатын. Колледжді ауылшаруашылығы  ғылымдарының кандидаты, «Мұнай-газ өндірісі» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік төрағасы, БҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлар кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының қалалық мәслихат депутаты Серік Мұхамбеталиев басқарып келеді.

 – Технологиялық жаңару және цифрландыру өзінің жұмыс орнын тиімді пайдаланып, технологиялар мен білімін қолданып, үрдістерді жетілдіріп, инновацияларды жүзеге асыратын құзыретті персоналсыз мүмкін емес. Жоғары колледжі құру уақыт талабы болып табылады, себебі еліміздің әр аймағында, соның ішінде біздің облысымызда жоғары колледждердің құрылуы оң нәтиже беруде. Бұл қолданбалы бакалаврларды даярлауға құқық беретін колледж атауының өзгеруі ғана емес, еңбек нарығына қажет мамандарды сатылы даярлау.

Білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білімнің кіріктірілген, модульді бағдарламаларын және бакалавриаттың жеке пәндерін қамтиды, бұл оқу мерзімін қысқартып, негізгі орта білім базасында үш деңгейлі бағдарламамен оқу мүмкіндігін береді. «Академиялық бакалавриаттың» 6 жылының орнына «Қолданбалы бакалавр»  4 жыл 10 ай. Бүгінгі күні Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі кәсіби инженерлі-педагогикалық құрамға, көп деңгейлі кіріктірілген білім беру бағдарламаларына ие, орта буынның жұмысшылары мен мамандарын даярлайды, инженерлерді оқытуға  дайын, – дейді Серік Хайырұлы. Бұған қоса, заманауи оқу-өндірістік және технологиялық құралдармен, ақпараттық технологиялармен жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылуда.

BIM технологиясы енгізілді

Колледжде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында: BIM технологияларын енгізу жұмыстары басталды. Өткен жылдың наурыз айында Астана қаласында Collaprime Oy компаниясы өкілдерімен кездесу өтіп, нәтижесінде 3D технологиядағы моделдеу бойынша колледж оқытушылары үшін оқыту курсын өткізу туралы шешім қабылданыпты. Ал сәуір айында Collaprime Oy (Финляндия)  компаниясы өкілдерінің  техникалық және кәсіптік білім беру директорларымен кездесуі өткен. Сондай-ақ Хельсинки қаласында (Финляндия) Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, финдік Бизнес хаб және Collaprime Oy компаниясы (Финляндия) арасында ынтымақтастық жөніндегі үшжақты келісімге қол қойылған. Бүгінде 3D CAVE аппараттық-бағдарламалық кешенді іске асыру үшін нақты жұмыстар атқарылуда. Осы орайда колледж оқытушыларына арналған BIM технологиялары бойынша оқыту курсын жүзеге асыру үшін жол картасы дайындалып, үш кезеңдік семинардың жоспары құрылыпты.

Финляндияда оқып қайтты

Ағымдағы оқу жылында колледждің 12 оқытушысы құрылымдарды  ақпараттық  моделдеу,  виртуалды  жобалау  және  құрылыс  бойынша арнайы  пән  оқытушыларына  арналған бір апталық курстан өтіп, одан кейінгі аптада Финляндия ақпараттық платформасында онлайн-тренингіне қатысты. Курстан өткен 12 арнайы пән оқытушысының  алтауы жұмыс тәжірибесімен Финляндияда бір апта оқып келді. Аталған жобаны жүзеге асыру көппәнді салаларда іске асырылуы мүмкін виртуалды жобалауды әзірлеуге мүмкіндік береді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытып, кеңейтуге септігін тигізеді. Қазіргі кезде колледждің дуалды жүйесі техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындауға бағытталған.

Дуальды оқыту жүйесі нәтижелі

Оқу орнының басшысы Серік Хайырұлының айтуынша, бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады.  Дуальды оқыту  колледжі, БҚО кәсіпкерлер палатасы және  өңіріміздің өндіріс мекемелері үш жақты келісімшартқа қол қойып, облысымызда  2012 жылы алғашқылардың бірі болып «Электрмен  қамтамасыздандыру», «Ветеринария», «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану»  мамандықтары  енгізілген. Колледжде қазіргі таңда дуалдық жүйе бойынша «Электрмен  қамтамасыздандыру», «Ветеринария», «Агрономия», «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы», «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану», Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану мамандықтары оқытылуда.  Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Мысалы, 2012 жылы колледжде 237 студент дуальдық оқыту жүйесімен білім алса, бүгінгі танда бұл көрсеткіш 484 студентке артып отыр. Бұл колледжде  оқитын студенттердің 25 %-ын құрайды.  Бүгінгі күні колледж дуальды оқыту жүйесі бойынша «ИнтерГазОрталық Азия», «Орал-Терминал», «Конденсат», БҚО Ветеринария басқармасы, республикалық «Вет лабаратория», «Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы», «ҚазТрансГазАймақ», «ЖайықТазаҚала», «СВ Плюс», «УральскСтройинвест», «Батыс Қазақстан Электр Таратушы Компаниясы», «Орал трансформатор зауыты», Марасант, КПО б.в., «Болашақ», «Алау»  кәсіпорындармен бірігіп жұмыс атқаруда.

Әлеуметтік серіктестер қолдауға дайын

Колледждің әлеуметтік серіктестері студенттерді әрдайым қолдап отырады. Осындай қолдаулардың бір көрінісі – ақылы негізінде оқитын  студенттердің оқу ақыларын төлеу. Соның ішінде  КазЭнерджи және КПО б.в. компаниялары бірігіп  19 студенттің, «Жайық Мұнай» кәсіпорны 2 студенттің, «НұрКаспианОперейтинг» компаниясы  11 студенттің оқу ақысын төлеп келеді. «Катэк» компаниясы өткен жылдан бастап 2 студентке 50000 тенге көлемінде Есет Әзербаев атындағы шәкіртақы тағайындапты.  «КазБурГаз» компаниясы 2016 жылы оқу полигонына арналған оқу бұрғылау станогын орнатып берген. БҚО Электр таратушы компаниясы электрмен қамтамасыздандыру мамандығына арналған полигонын және оқу лабораториясын,  «Катэк» компаниясы мұнай-газ мамандықтарына арналған оқу лабораториясының материалдық базасын жетілдіруге көмек беруде.

Елімізді өркендетіп, дамыған елдер қатарына қосып, халық жағдайы үшін игі істер жасау – біздің болашақ мамандардың  міндеті. Осыған орай бүгінгі маманның алдында тұрған басты міндет – ой-пікірі дербес, оны жеткізуі  еркін, бойындағы білімі мен мүмкіндігін қолданып жүзеге асыра алатын, өз бетімен шешім қабылдап, ортамен тіл табысып, бейбіт өмір сүре алатын тұлға болып қалыптасу.

Экономикамыздың қарышты дамуы өз ісіне жетік кәсіби мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан, мемлекетіміз техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуды қолға алып отыр. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды даярлауда сапаға қол жеткізу үшін білім беру жүйесін реформалау қажет болды. Ал педагогтерден заманауи технологияларды жетік меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында жүріп жатқан интеграциялық процестерге бейімделу, кәсіби және әдістемелік шеберліктерін жетілдіру талап етілді.

Бұл мақсаттарға жету үшін біздің мемлекетімізде мақсатты түрде жоспарлар құрылып, олар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда елімізде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұйымдастыруымен модульдік-құзыреттілік негізінде оқытуға арналған оқу жұмыс жоспарлары мен оқу құралдары дайындалуда.

Колледжде  студенттер  модулдік-құзыреттілік  бағытында  4 мамандық  бойынша  алып жүр.

Өткен жылдың 28 мамырынан бастап, «PLATONUS» жүйесі енгізілді.

Қазіргі уақытта аталмыш жүйеге талап етілетін параметрлерге ие компьютер дайындалып, «PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, локальды желілер мен ғаламтор желісіне қолжетімділік ұйымдастырылды. Колледждің барлық бөлімдері бұл жүйеге кіре алады.

Қазіргі кезде картотека бөлімдері бойынша мәліметтер базасы толтырылуда. Жүйені енгізу үрдісінде пайда болған мәселелерді шешу бойынша жүйені әзірлеушілермен тығыз байланыс орнатылған.

                               Ресурсты оқу орталығы жұмыс жасайды   

            Қазіргі заманғы еңбек нарығы білікті де білімді жұмысшы мамандарды талап етеді. Сондықтан еліміздің өндіріс орындарына қажетті мамандарды дайындау білім саласындағы оқу орындарының басты міндеті. Осыған орай «Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде» ресурсты оқу орталығы жұмыс жасайды. Оқу орталығының мақсаты кәсіпорындардың қызметкерлері мен жұмысшыларын оқытуға, біліктіліктерін көтеруге және адам еңбегінің мәртебесі мен абыройын арттыруға тиімді білім беру қызметтерін қамтамасыз ету болып табылады. Ресурсты оқу орталығында  мамандарды даярлау, қайта даярлау, әр түрлі кәсіпорын, мекеме ұйымдарымен келісімшарт негізінде біліктілігін көтеру оқыту түрлері жүргізіледі. Оқу курстары 1-3 айлық оқу мерзімінде. Осы аралықта «Электр және газбен дәнекерлеуші», «Аргон доғалы электр дәнекерлеуші», «Өндіріс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу электромонтері және БӨҚ және А», «Автокран машинсі», «ДК операторы», «Сметалық іс», «Автоматтандырылған жобалау», «1С Есепші», «Кәсіби ағылшын тілі курсы», «Геодезия лаборанты», «Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу слесарі», «Мұнай және газ өндіру операторы» тағңы басқа жұмысшы мамандықтарын дайындайды. Сонымен қатар ресурсты оқу орталығы «В», «ВС1» санатты автомашина жүргізушілерін де дайындап шығарады. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағдарламасын  іске асыру мақсатында қалалық, аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарымен мемлекеттік келісімшарт негізінде әр түрлі мамандықтар бойынша оқу курстарына қабылданып, сәйкесінше 62 тыңдаушы жұмысшы мамандықтарын алып шыққан.

«Ақылды кітапхана» немесе RFID5  кітапхана ашылады

 «Ақылды кітапхана» немесе RFID5 кітапхана – объектілерді автоматты идентификациялау тәсілі, мұнда радиобелгілер көмегімен RFID-белгілер де сақталатын мәліметтер жазылады. Мұрағаттар мен кітапханаларды автоматтандыру үшін аталған кешенде  RFID қақпа – залдан кітап немесе басқа да маркерленген заттарды рұқсатсыз алып шығуды бақылайды, сонымен қатар, келушілер, кітаптарды алып шығу және тағы басқалай есебін жүргізеді. Кітапхана толы болғанда, кітапханашыға маркерленген обьектілерді беруге мүмкіндік береді. Өз-өзіне қызмет көрсету терминалы оқырмандарға өздігінен кітап алуға мүмкіндік береді, жүйе «КАБИС»6 және «ИРБИС»7 бағдарламаларымен толық байланыстырылған. «КАБИС» немесе «ИРБИС-те» кітапты оқырманға тіркегеннен кейін қақпа кітапты алып шыққанда белгі бермейді.  Кітапты қабылдау терминалында кешен КАБИС»6 және «ИРБИС»7 бағдарламаларымен толық байланысып, кітапты тәулік бойы қабылдай алады, бұған қоса кітаптарды сөрелер бойынша автоматты сұрыптау мүмкіндігі бар. Сөрелерде түгендеудің екі нұсқасы бар – «ақылды сөрелер», кітаптардың  болуын көрсетіп, есептейді, бір уақытта 100 кітапқа дейін санап, тез түгендей алады. Аталған жобаларды жүзеге асыру виртуалды жобалауды әзірлеуге мүмкіндік береді, олар көп пәнді салаларда жүзеге асырылып, алған тәжірибені оқу үрдісінде қолдана алады, бұған қоса, RFID технологиясы кітаптардың орталықтандырылған жүйесін құруға, оларды іздеу және орналасуын бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір оқырман және басылымның мәліметтер базасында ерекше идентификаторы бар, бұл ақпараттық жүйеге қызметтерді бақылауға мүмкіндік береді.

                     Колледжде автодром ашылды

         Колледж жанында жұмыс жасайтын Қосымша білім беру орталығында  «В», «ВС 1» санатты автомашина жүргізушілерін дайындайтын курстың жүргізілуіне және   «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алушыларға оқу практикасы нәтижесі бойынша  «ВС санатты жүргізуші» біліктілігін меңгерту қажеттілігіне байланысты тәжірибелік сабақтарды өткізу мақсатында арнайы автодром ашылды. «Агрономия» мамандығы студенттеріне «Жылыжай» ашуды жоспарда бар. – Мақсатымыз оқу процесі кезінде бау-бақшаның негізгі түсініктері мен көкөніс көшеттерін күту ережелерімен терең танысып, көкөністермен тәжірибелер жүргізуді ұйымдастыру, – дейді Серік Хайрұлы.

Аталған оқыту технологияларын іске асыруға толық жағдай жасалып, кол­ледж  ғаламтор желісіне қо­сылған. Сондай-ақ кітапханада  Wi-Fi желісі орнатылған. www.vatk.kz  ақпараттар сайты,  agro_kolledj инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінде парақшалары ашылған.

Колледж бүгінде – көп салалы оқу орны. Мамандар даярлаудың дәстүрлі және инновациялық жолдарын қамти отыра, аймақтың мұнай-газ, құрылыс және ауылшаруашылық салалары үшін мамандар даярлауда жоғары сапаға қол жеткізді. Оқу орны облыс көлемінде  алғашқылардың  бірі  болып  институционалды  аккредитациядан  өткен. Қазақстандық көпбейінді 116 колледж рейтингі бойынша 2 орынна көрінсе, «Үздік әлеуметтік серіктес» байқауында І орын алды.  «Үздік колледж» облыстық байқауында бас жүлдені жеңіп алса, «Үздік кітапхана» облыстық байқауында да алда болды. «Үздік әдістемелік идеялар» облыстық фестивалінде І орыннан көрініп, облыстық, республикалық деңгейдегі «Үздік  педагог та» осы оқу орнының ұстазы болатын.

Колледждің кадрлық құрамы білікті, мобильді және алдарына қойған мақсаттар мен міндеттерді жауапкершілікпен шеше алатын педагогтар. Қазіргі таңда инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны – 161  адам. 122 оқытушының біліктілік санаты бар. 1- ғылым кандидаты, 17 оқытушы магистр академиялық дәрежесін иеленіп, 3 оқытушы Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері атанса, екі оқытушы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанып отыр. Колледж оқытушылары өздерінің біліктіліктерін арттыруға үлкен көңіл бөледі, облыстық, республикалық деңгейдегі біліктілік арттыру курстарынан басқа, Ұлыбритания, Түркия, Сингапур, Германия, Финляндия, Ресей, Малайзия  елдерінде тағылымдамадан өтіп тұрады.

Елбасы Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында  2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Колледжде 2000-ға жуық студент оқиды. Олардың сапалы білім білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Оқу-материалды база жаңартылып, заманауи технологиялармен жабдықталуда. Оқушылар сабақтан тыс уақытта түрлі спорттық және мәдени үйірмелерге белсене қатысып отырады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
47 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
266 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
757 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1134 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1065 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1494 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2110 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2277 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2284 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2332 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2338 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1980 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2817 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2874 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2867 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3477 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3449 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3435 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3413 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3577 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3623 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»