Жаңа тағайындау!
Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша БҚО Білім басқармасының бұйрығымен Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы лауазымына Қайыржанова Әлия Зұлқарнайқызы тағайындалды.
Бүгін БҚО Білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин жаңа басшыны ұжымға және қалалық білім беру ұйымдары басшыларына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Қайыржанова Әлия Зұлқарнайқызы – жоғары білімді, магистр.
2004 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «шетел тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жалпы еңбек өтілі – 20 жыл.
2004-2009 жылдары – Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық орта мектебінің мұғалімі;
2009-2014 жылдары – Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық орта мектебі директорының орынбасары;
2014-2015 жылдары – БҚО Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі;
2015-2017 жылдары – Дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп директорының орынбасары;
2017-2018 жылдары – Орал қаласы №44 мектеп-гимназиясының мұғалімі;
2018 жылдан бастап Эстетикалық бағыттағы гимназияның директоры лауазымын абыройлы атқарып, білім саласын дамыту және білім ұйымының брендін қалыптастыруда жобаларды сәтті жүзеге асыруға бастамашы болды.
Бөлім ұжымымен және білім ұйымдары басшыларымен жиын кезінде Елдос Нәбиоллаұлы жаңа басшыға саланы дамытудағы басым бағыттарды, кадр әлеуетін нығайту, инфрақұрылымды жақсарту және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша міндеттерді назарда ұстауды тапсырды. Әлия Зұлқарнайқызы сенім білдірген Білім басқармасы басшылығына алғыс білдіріп, білімі мен тәжірибесін Орал қаласының білім беру жүйесін дамытуға арнайтынын жеткізді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру