26 Шілде 2019 2245 0
Қалалықтар қаперінеЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 53 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНДІ

– ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалық етуімен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын бастады.
Республикалық комиссия отырысында ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша үлкен дайындық жұмысының қорытындысы шығарылады. Биыл білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. ЖОО-ға қабылдау кезінде түсуші одан әрі қарай оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды. «2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінді. Конкурсқа 64 452 түлек қатысуда. Әсіресе, инженерлік, IT-бағыттағы оқыту бағдарламаларына сұраныс жоғары. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 47%-дан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс және IT-технологиялар саласына бөлінген. Бұл гранттарды ең лайықты талапкер жеңіп алады деп үміттенеміз», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова. Атап айтқанда, 8276 грант педагогикалық ғылымдарға, 4088 грант – жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға, 2200 грант – қызмет көрсетуге, 1615 грант – өнер және гуманитарлық ғылымдарға, 2435 грант – ауыл шаруашылық ғылымдар және ветеринарияға және 2183 грант – әлеуметтік ғылымдар, бизнес және экономика салаларына бөлінген. Сонымен бірге, вице-министр биылғы грант бөлінісінің ерекшелігі туралы айтып берді. «Өткен жылы «Жоғарғы оқу орындарының акаедмиялық және басқару дербестігі туралы» Заң қабылданды. Сондықтан, биыл ЖОО-лар білім беру грантын алу үшін өз білім беру бағдарламаларын жасап шығарды. Биылғы ең басты жаңалық – осы. Тәжірибе мен құжат қабылдау қорытындысы көрсеткендей, біздің талапкерлер білім беру бағдарламалары бойынша дұрыс таңдау жасауға тырысты», – деді Ф. Жақыпова. Конкурс 5 тамызға дейін қорытындыланады. Грант иегерлерінің тізімі баспа және электронды БАҚ-та жарық көреді.
Версия для печатиhttps://www.inform.kz/kz/zhana-oku-zhylyna-53-mynnan-astam-grant-bolindi_a3551101
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
91 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
94 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
88 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
90 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
89 0

Кіру
Пікір үстеу