Жүргізуші куәлігін алып жүрмегендерге АЙЫППҰЛ САЛЫНБАЙДЫ
Алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алып жүрмеген көлік иелеріне айыппұл салынбайды. Қалтаңызда көлікті тіркеу туралы құжатыңыз болмаса да жауапкершілікке тартылмайсыз. Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Дарын Сағитов, тілші:-Біз түрлі себептермен жүргізуші немесе көлікті тіркеу куәліктерін үйде ұмытып кетіп жатамыз. Енді оларды өзіңізбен алып жүру міндетті емес. Ол үшін әкімшілік айыппұл да төлеймесіз. Жаңашылдық жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған.
Аталған құжаттар ішкі істер органдарының мәліметтер базасында сақталған. Жол сақшылары оларды кез келген уақытта көріп, тексере алады. Көлік немесе жүргізуші туралы ақпарат та базада бар. Қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болса жеткілікті.
Заңға енгізілетін түзетулер тек Қазақстан азаматтарына тиесілі. Яғни, шетелдіктер аталған құжаттарды өздерімен алып жүруге міндетті. Айта кетерлігі, депутаттар 10 жыл бұрын шығарылған автобустарды мемлекеттік тіркеуге тыйым салуды да ұсынып отыр.
Қанат Мусин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:-Заң жобасында Қазақстанда берілген жүргізуіші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізуішінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделді.
Соңғы 10 айда ғана еліміз бойынша 150 мыңдай жүргізуші аталған құжаттарын ұмытып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция базадағы мәліметтерді тексеру үшін қажетті техникалармен қамтылған. Ал ғаламтор сапасы нашар жолдарда қызметкер рация арқылы кезекші бөлімге хабарласып, тиісті мәлімет ала алады.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:-Уақытылы қолға алынған шаралар. Осы арқылы біз ел Президентінің тапсырмасын орындап отырмыз. Сондықтан, депутаттардың бастамасына ризашылығымызды білдіреміз. Біздің тарапымыздан жұмыстарды жүзеге асыру үшін ешқандай кедергі жоқ.
Мәжіліс төрағасы заң жобасын тез арада қараудың маңыздылығын атап өтті. Айтуынша, қазіргі цифрландыру кезеңінде, азаматтардан аталған құжаттарды талап ету – өткен күндердің еншісінде қалу керек.

https://qazaqstan.tv/news/134418/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу