ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ. МЕШІТ ИМАМДАРЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫН ҮЛЕСТІРДІ
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне орай Орал қаласындағы Тәжиден Батырұлы атындағы мешіттің бас имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен сол мешіттің жамағаттары бірігіп, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, жұмыссыз қалған жанұяларға көмек ретінде азық-түлік үлестірді.

Қайырымдылық шарасында мешіттің бас имам Руслан Тыныштықұлы сөз алып, дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтып, келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Игі іске мұрындық болған имамдар мен мешіт жамағаты әр мекенжайға азық-түліктерді жеткізді. Айта кетсек, қайырымдылық пакетіне 5 келі ұн, 5 келі шекер, күріш, шай, күнбағыс майы, картоп, жұмыртқа, макарон өнімдері салынды. Жалпы 65 жанұяға көмек ұсынылды.
Ел басына күн туған қысылтаяң шақта еліміздегі құлшылық ордалары қайырымдылық шараларын барынша күшейтіп, мұқтаж жандарға мейлінше жақын болуға тырысып келеді. Бұған дейін де Ақжайық өңірінің дін қызметкерлері бірнеше мәрте демеуші жамағаттың қолдауымен қайырымдылық шараларын өткізген болатын. ҚМДБ жұмысының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне орай бұрынғыдан да баса мән беріліп отыр.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бауырлар!
Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу