8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2025 776 0
Оқиға

Жәнібек аудандық сотында 11 жыл бұрынғы өлім фактісін анықтау туралы азаматтық іс қаралды

Жәнібек аудандық сотында 2014 жылы қайтыс болған ер адамның өлімін анықтау туралы азаматтық іс қаралды. Істі қозғауға марқұмның жұбайы бастамашы болды. Ол қайтыс болған азаматпен заңды некеде тұрған.Сотта белгілі болғандай, арызданушының күйеуі 2014 жылдың 7 сәуірінде науқастанып қайтыс болған. Алайда сол кезде медициналық анықтама мен сот қаулысы алынбағандықтан, оның өлімі АХАЖ органдарында тіркелмеген. Соның салдарынан әйел адам күйеуінің қайтыс болғанын ресми түрде растай алмай келген.Сот процесі барысында арыз беруші жұбайының 1972 жылғы 14 қыркүйекте дүниеге келгенін және оның қайтыс болған фактісін анықтауды сұрады. Іске қатысы бар мүдделі тараптың өкілі шешімді соттың қарауына қалдырды.Облыстық соттың хабарлауынша, Жәнібек аудандық полиция бөлімінің анықтамасында азамат С-ның 2014 жылдың 7 сәуірінде қайтыс болғаны жөнінде хабар түскені, алайда қылмыстық құрам болмағандықтан қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілмегені айтылған.Сот отырысында куәгерлердің бірі марқұммен туыстық қатынаста болғанын, екіншісі оны бұрыннан танығанын растады. Екеуі де азаматтың науқастан қайтыс болғанын және жерлеу рәсіміне қатысқандарын жеткізді.Аталған азаматтық іс бойынша сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
58 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
107 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»