ЖҰМЫСТАН ШЫҒЫП ҚАЛҒАН АЗАМАТТАР АЛТЫ АЙЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДІ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай режіміне қарамастан жұмыстан шығып қалған азаматтар 6 айлық әлеуметтік төлемді қалай алатынын айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«Төтенше жағдайға қарамастан жұмыстан шығып қалған азаматтар, жалдамалы жұмысшылар Мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 айға дейін өздерінің жалақысының 40 пайызына тең ақы алатын болады. Ол үшін де egov.kz порталының «жұмыспен қамту» айдарындағы «жұмыс іздеуші» деген бөліміне тіркелесіз. Үш күннен кейін сізді міндетті түрде жұмыссыз ретінде тіркейді. Осыдан кейін автоматты түрде жұмысын жоғалтқан адам ретінде 6 айға төленетін төлем сізге тағайындалады», – деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша наурыз айының өзінде еліміздегі 12 729 адамға жұмыс табылған. Оның ішінде карантин жарияланған қалаларда 2 331 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы электронды түрде хабарласып, жұмыс тапқан.
Еске сала кетсек, бұған дейін Біржан Нұрымбетов елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайттың ашылатынын мәлімдеген еді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу