ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ
Орал қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы арқылы қала аумағында жұмыс орындары ұсынылатынын хабарлайды.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы – жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына мол мүмкіндік береді.Орал қаласы бойынша Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 2 мыңнан астам жұмыс орны қолжетімді. Бағдарламаға барлық Орал қаласының тұрғындары қатыса алады.
Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 76 инфрақұрылымдық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Барлығы 4433 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.
Жол картасы неігзінде халықты жұмыспен қамту орталығына 28 мердігерден өтінім түсіп, (жол жұмысшысы, машинист катка, автогрейдер машинисті, геодезист, жұмысшы, мастер, инженер ПТО, тас қалаушы, дәнекерлеуші және т.б. мамандықтар бойынша) 2420 адам жұмысқа орналасты.
Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жұмыс жасай отырып, қаламыздың құрылысына, жөндеуге, абаттандыруға және көгалдандыруға өз үлес қосуға мүмкіндік бар. Еңбекақы мөлшері 85 мың теңгеден 170 мың теңгені құрайды.
Сұрақтар бойынша «Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сіне хабарласуған болады. Мекенжайы: Құрманғазы к-сі, 173 үй. («Орал» дүкені аялдамасы) Тел: 31-01-71
Версия для печати
Пікір үстеу