ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚАНША ЖАЛАҚЫ МЕН САЛЫҚ ТӨЛЕМДЕРІН АУДАРҒАНЫН ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді.
Сервисте 2020 жылдың барлық кезеңдерін қарауға болады.
Деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS хабарламасы мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.
Деректерді қарау үшін «салық әмияны», «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет.
Бастапқы кезеңде, жұмыс берушілері бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, жеке тұлғалар деректерді қарай алады.
Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.
МКК «E-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market» – тен жүктеуге болатынын еске салады.
https://kaz.zakon.kz/5067972-zh-mys-berush-n-ansha-zhala-y-men-saly.html
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу