«ЖҰЛДЫЗАЙ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
ХІІІ «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылық фестивалінде облысымыздан барған тәрбиеленушілері топ жарып, бірнеше жүлделі орындарды иеленді.
Атап айтсақ, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары Дәріс Рысхан 15 – 18 жас аралығында «Вокал» номинациясынан, Диана Сарманова 10-14 жас аралығында «Вокал» номинациясынан І орынды жеңіп алып, өңіріміздің мерейін асқақтатты. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының оқушылары Бірлік Зәріп «Хореография» номинациясы бойынша І орынды және «Көркем қолданбалы өнер» номинациясы бойынша Татьяна Резниченко ІІІ орынды иеленді.
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінің «Арман» би тобы «Хореографиядан», сондай-ақ «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша Дина Иржанова ІІ жүлделі орыннан көрінді. Ал «Ым-қимыл әні» номинациясы бойынша Анастасия Тимошенкова ІІІ орын алды.
Версия для печати
Пікір үстеу