8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Желтоқсан 2019 4391 0
Жалын

«ЖҰЛДЫЗ» КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орал қаласы №48 орта мектебі базасында «Жұлдыз» комьюнити-орталығы ашылды. Бұл орталыққа жас мөлшеріне қарамастан, шағын ауданның кез келген тұрғыны келіп, қалаған үйірмелеріне қатыса алады.

Жаңа орталықтың ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

– Әр баланың өсу, даму қабілеті мектепте білім алуымен, мектепішілік үйірмелермен шектелмеуі керек. Оған қоса демалыс уақыттарында өздерінің замандастарымен бірге әр түрлі өнер, дәстүрлі ойындарды үйреніп, спортта өздерін дамытуына мүмкіндік беретін осындай комьюнити-орталықтар. Заманауи үлгідегі орталық мәдени-ағарту бірлестіктерінің жұмысын жаңа форматқа ауыстыру мақсатында құрылып отыр. Яғни, бұрын мәдени-ағарту бірлестіктері балалармен ғана жұмыстанатын болса, қазір ересектерге де қызмет көрсетіледі. Осылайша, жастардың, аға буынның да орталыққа келіп бас қосуына, өз ойларын ортаға салып, іске асыруына мүмкіндік беріліп отыр.  Жаңа орталықта дарынды жұлдыздар көп болады деп сенемін, – деді Абат Абайұлы.

Үйірме жетекшісі Аэлита Қадырғалиеваның айтуынша,  мұнда ән, домбыра, көркемсөз, «Жас тілші», сурет үйірмелері, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, аэрохоккей сынды үстел үсті ойындары үйірмелері жұмыс жасайды. Бүгінде 100-ге тарта оқушы үйірмелерге жазылып үлгерген.

– Екі ауысымда жұмыс жасаймыз. Таңертеңгі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін балалар айналысатын болады. Оларға барлық үйірмелер тегін. Кешкі сағат 18.00-ден аудан тұрғындары абоненттік карта сатып алып, орталыққа келе алады. Біздің негізгі мақсатымыз – келушілердің бос уақыттарын тиімді өткізуіне көмектесу, шығармашылыққа, спортқа қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, – дейді Аэлита Батырханқызы.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
113 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
88 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»