ЖҮК КӨЛІГІ ЖОЛ ЖИЕГІНЕ ТҮСІП КЕТІП, ЖОЛАУШЫ КӨЗ ЖҰМДЫ
Құтқарушылар автокөлік жүргізушілерін көлік рөлін басқару кезінде абай болуды ескертеді. Өйткені кейінгі кездері жолдағы оқыс оқиғалар күн санап артуда. Тіпті қайғылы жағдайлар да тіркеліп отыр.

18 қаңтарда Орал-Атырау автожолында Ақжайық ауданы маңындағы 102 шақырымда «Ивеко» автокөлігінің жүргізушісі 1974 жылы туған азамат көлік рөліне ие бола алмай жол жиегіне түсіп кеткен. Автокөліктегі жолаушы алған жарақатынан трассалық-медициналық-құтқару пункті (ТМҚП) келгенше оқиға орнында қайтыс болды. Трассалық-медициналық-құтқару пункті «Ивеко» автокөлігінің жүргізушісіне медициналық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, 19 қаңтар түнгі сағат 3.38-де Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округіне жақын Бітік ауылының маңындағы жолда «Фольцфваген-Пассат» автокөлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде трассалық-медициналық-құтқару пункті (ТМҚП) күшімен 4 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі медициналық көмекті қажет етпеді.
Төтенше жағдай туындағанда 112, 101 телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу