8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2021 1314 0
Қоғам

ЖӘҢГІР ХАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ КӨРІСУ АЙТ МЕРЕКЕСІ

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері жұмыс аптасын мерекелік көңіл күймен бастады.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастырылған «Амал келді, жыл келді!» атты іс-шараның сәнін ұлттық киімдегі ұстаздар мен жастар келтірді. Жастар – үлкендермен, әріптестер бір-бірімен қолдарын кеуделеріне қойып көрісіп, құрмет көрсетті. Аға буын өкілдері жастарға ақ баталарын берді. Жұмысқа ертемен келгендерге салт-дәстүрімізге сай ақ пен бауырсақ ұсынылды. Сонымен бірге шашу шашылып, ақ тілектер айтылып, мерекелік көңіл күй еселене түсті.

Жәңгір хан университетінің Жастар бастамасын дамыту орталығының директоры Асхат Өкшебаев бұл іс-шараның маңызы зор екенін атап өтті.

– Басты мақсатымыз – оқу орнына әр тараптан келіп білім алып жатқан жастарға дәстүріміз бен тарихымызды насихаттау. Жалпы Көрісу айт –өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке бастайтын ерекше дәстүр. Қазақстанның батыс өңірінде Амал мерекесі Көрісу күнінен бастау алып, әз Наурыз мерекесіне ұласады. Біз де осылайша өңірімізде үлкен мерекенің басталғанын көрсеттік, – деді Асхат Ерболатұлы.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
16 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»