8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қараша 2018 3122 0
Қалалықтар қаперіне

ЖҰҚА МҰЗДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Бүгін Орал қаласы әкімдігінде «Сақ болыңыз, жұқа мұз!» тақырыбында өткен  брифингте БҚО Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Ихсанов өңір тұрғындарын төтенше жағдайлардан сақтандырды.

Сала маманының айтуынша, жолға шыққанда көлік жүргізушілері жанар-жағармай мен құрал-саймандарын бірге алып жүруі керек. Сұйық, қатты және газ отты заттарды қауіпсіз пайдаланып, өзен үстіндегі мұздың жұқалығына байланысты үстімен жүрмегені жөн.

Қазіргі таңда Жайық өзенінің мұз қалыңдығы 0-3 см, Чапай ауылының тұсында 5 см, Шаған өзенінің мұз қалыңдығы 3-8 см, ал Деркөл өзенінің мұз қалыңдығы 10 см. Өз кезегінде қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Батиқа Пайдина  қазіргі уақытта осы тақырыпта оқушылар мен ата-аналарға жиналыстар мен тәрбие жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Брифинг барысында тілге тиек етілген мәселелер бойынша халыққа түсіндіру, ескерту жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады.

Назерке ҚАЛЕНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
134 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»