ЗЕРГЕРЛІК КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ ТЕРГЕЛУДЕ
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті алданған азаматтың шағымы бойынша «B2B Jewelry» зергерлік салоны басшысына қатысты қылмыстық тергеу жүргізуде.

Зергерлік салон басшысы қаржы пирамидасын құрып, оған азаматтарды тартты деп айыпталуда. Ол whatsApp, instagram әлеуметтік желілері арқылы бұйымдар «сертификаты» үшін қаржы құйып, жылына 364 пайызға дейін пайда көруге болатынына сендірген.
Осындай ақпаратқа сенген азамат «B2B Jewelry» зергерлік салонында 45 000 теңгеге зергерлік бұйымдарға сертификаттар сатып алған. Компания оған әр аптада сертификат құнының 7% көлемінде сыйақы, сондай-ақ алдағы уақытта жылына 364% деңгейдегі табысқа жетуге уәде берген.
Алайда, зергерлік салон басшылығы ақша қаражатын салу шартын орындамай, алдау жолымен оның ақшасын иеленіп алды.
Атап өтетін жайт, салон қызметкерлері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ақысы 15 000 теңгеден басталатын «сертификаттарға» ақша салымын жасауды сылтауратып, қаржы пирамидасының жаңа қатысушыларын тартып отырған.
Қаржы мониторингі комитеті ҚР ҚК 217-бабына сәйкес қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске салады (мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады).
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «B2B Jewelry» зергерлік салонының осындай қызметінен зардап шеккен азаматтар болса, Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің сенім телефонына хабарласуларын сұрайды.
Сенім телефоны: +7(7112)53-84-27
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу