Өзен-көлде оқыс оқиға азаймай тұр
«От пен су – тілсіз жау», деп ескертеді Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаменті. Жыл басынан бері облыс аумағында 11 адам суға кетіпті. Былтыр осы уақыт ішінде суға кеткен адам саны 16 болған екен. Көрсеткіш азайғанымен, өзен-көлдегі оқыс оқиғалардың алдын алу мүмкін болмай тұр. Көп жағдайда адамдардың бейқамдығы, қарапайым сақтық ережелерін сақтамауы орны толмас өкінішке соқтыруда.
Батыс Қазақстан облысының аумағында 200-ге жуық өзен, 144 көл бар, жаздың ыстық күндері халық демалу және қыдыру үшін су жағалап кетеді. Ал бүкіл облыста арнайы жабдықталған 26 ғана жағажай бар екен. Бұл жерлерде төтенше жағдай департаментінің құтқарушы жасақтары қауіпсіздікті қадағалайды. Одан бөлек, халық көп жиналатын жағажайларда полиция, көліктік бақылау инспекциясы, жергілікті атқарушы орган өкілдері және еріктілер бірлесіп, күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізеді. Бірақ суға шомылатын әр адамға бақылау орнату мүмкін емес.
Мәселен демалыс күндері төрт адам суға кетіп, өмірімен қоштасты. Олардың екеуі мектеп жасындағы балалар. Марқұмдардың екеуі белгіленбеген жерде суға түсіп, жағаға шыға алмай қалған. БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Теміржан Танжановтың айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда биыл арнайы жабдықталған жағажай саны көбейген. Су айдындарының қауіпті, шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде 323 тыйым салу белгілері мен 77 ақпараттық стендтер орнатылған.
– Бүгінде төтеншеліктер суда болатын оқыс оқиғалардан сақтандыру үшін оқу¬шы¬лар арасында профилактикалық іс-шараларды жүйелі ұйымдастырып отыр. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен арадағы меморандумға сәйкес жыл басынан бері 673 бала жүзуге үйренген. Бүгінге дейін департамент өкілдері 769 рейдтік іс-шара өткізіп, халыққа 2 200 жадынама таратты,- деді БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Теміржан Танжанов.Қазір жаз кезі, барлық жерде оқушылардың жазғы демалыс лагерьлері өтіп жатыр. Осы кезеңде облыс бойынша 35 модульдік-қаңқалы бассейн ашылған. Олардың көбі балалар лагерьлерінде және аудан орталықтарында орнатылған.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу