8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2018 2542 0
Қалалықтар қаперіне

Үздік мектептің алғашқы қоңырауы

 Бүгін қала əкімі Мұрат Мұқаев жақында ғана облыстық педагогтардың тамыз кеңесінде «Үздік білім беру ұйымы» аталымын жеңіп алған 44 мектеп-гимназиясы ұжымы мен оқушыларын алғашқы қоңырау салтанатымен құттықтады.

Жаңа оқу жылында аталмыш білім ұясында 1402 оқушы білім алғалы отыр. Мектепалды даярлық тобына 162 бүлдіршін қабылданса, бірінші сынып табалдырығын 192 оқушы аттады. Мектеп директоры Ақжарқын Темірханованың айтуынша, биыл бірінші сыныптар сегізге жеткен. Мектеп-гимназияның 10-11 сынып оқушылары бағдарлы бағытта білім алады. 5-6-7-8 сыныптар биылдан бастап жаңартылған білім бағдарламасына көшеді. Биыл қала бойынша «Үздік білім беру ұйымы» аталымын жеңіп алып, 22 миллион теңге ақшалай сыйлықты иеленген. Бұл қаражат білім ұясының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталмақ. Айта кету керек, өткен оқу жылын тəмамдаған 41 түлектің бесеуі «Алтын белгіні» қорғап шықса, 20 түлек еліміздегі іргелі оқу орындарының білім грантын ұтып алған. Қазіргі таңда мұнда 118 ұстаз еңбек етсе, олардың 40 пайызы жоғары санатты. Биыл да олардың қатары жас мамандармен толығуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
46 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
262 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
600 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
316 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»