ҮЗДІК АУДАРМАШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ
20 тамыз күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Үздік аудармашы» атты аудармашылардың облыстық байқауын ұйымдастырды. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласы бойынша 14 адам қатысты.

«Үздік аудармашы» байқауы әлеуметтік жобасының маңыздылығы Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, бәсекеге қабілетті, мемлекеттік тіл және ресми тілді меңгерген үздік аудармашыларды анықтау, аударма саласында тіл мәдениетін жетілдіруді насихаттау бағытында өтті.
Қатысушылар Ресми құжаттарды аудару, Публицистика немесе көркем аударма, Ілеспе аударма, Жаңа терминдер әлемі сынды төрт түрлі шарт бойынша оздырылды.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Гүлнұр Исмағұлова, екінші орынды БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Игілік Мырзахмет, үшінші орынды Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Айнагүл Сахипова және Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Лаззат Сыикова иеленіп, бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу