ЗАШАҒАНДАҒЫ 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КҮЗДЕ АЯҚТАЛАДЫ
Бүгінде Зашаған кентінде 70 мыңнан аса тұрғын бар. Кенттегі №30, №10, №47 орта мектептерде оқушылар үш ауысыммен оқуда. Осы түйткілді мәселені шешу бағытында өткен жылдың маусым айында аудандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы маңынан тағы бір жаңа мектеп құрылысы басталған еді. ын бұдан бұрын да жазған едік. Бүгін қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері аталмыш білім ошағының құрылыс сапасын бағамдады.

Жаңа нысанның жобалық құны – 1 миллиард 731 миллион теңгені құрайды. Қазір ішкі жөндеумен қатар абаттандыру, әрлеу жұмыстары атқарылуда. Жоспар бойынша мектеп келер жылдың ақпан айында пайдаланылуға берілуі керек. Әйтсе де мердігер компания құрылыс жұмыстарын ширатып, осы жылдық қыркүйек айында тапсыруды көздеп отыр. Су жаңа нысанға қаладағы №38 мектеп көшіріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар кенттегі №20, 30, 10, 47 орта мектептердің бірқатар оқуышалры ауысады деп күтілуде.
Мектептің құрылыс жұмыстарына жауапты – «НұрКапСтройГаз» ЖШС. Учаске басшысы Сейітқазы Гамирланның айтуынша, мектептің жалпы аумағы төрт гектарды құрайды. Жоба бойынша 900 балаға лайықталған.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, аталған 900 орындық мектеп екі ауысыммен 1500 баланы біліммен қамтымақ. Орал қалалық құрылыс бөлімінің ақпаратына сүйенсек, болашақта кенттегі №10, 47 мектептердің жүктемесін азайтып, үшауысымдылықты жою мақсатында Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ауданында 900 орындық №52 мектептің құрылысына қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданған. Сондай-ақ «Балауса» шағын ауданынан №53 мектептің құрылысына, бұдан бөлек Меловые горкидағы №18 мектепке қосымша құрылыс салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайын тұр.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу