ЗАШАҒАНДА ӨНДІРІСТІК ЖЫЛЫЖАЙ АШЫЛДЫ
Зашаған кенті аумағында өңіріміздегі ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы іске қосылды. Жылыжайдың ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.
– Орал жылыжай комбинаты – өңірдегі өндірістік жылыжайдың алғашқысы. 5 гектар жерде жаңа жоба іске қосылды. 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаға 6 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды. Өткен жылы облыста 800 тонна қияр жиналған болса, жарты жылдың ішінде тестілік режімде жұмыс істеген комбинатта 1700 тонна өнім жиналды. Ең бастысы – алдымен қиярмен ішкі сұранысты қанағаттандыру, содан кейін басқа өңірлерге немесе сыртқа шығару. Бүгінде жылыжай кешенінің өніміне сұраныс күшті, Ресей Федерациясынан, басқа өңірлерден түсуде. Жылыжай голландиялық технологияларды пайдаланып салынған, өндірістік жылыжайлар кластері БҚО-да қалыптасып келеді. Ресми түрде 5 гектарлық жылыжай ашылды. Жыл соңына дейін 10 гектар жылыжай ашылмақ. Онда мұндағымен салыстырғанда инвестиция көлемі де, жұмысшылар саны да екі есе көп болады. Жақында голландиялық серіктестеріміз келіп, жаңа жылыжай құрылысына кірісті, – деді Мұхтар Манкеев.
Өткен жылы іске қосылған жылыжайдың аумағы 5,6 гектар. Мұндағы қияр өніміне гидропоника технологиясы қолданылады екен. Арнайы су ұңғымасы бар және қаладан келетін суды үнемдеп пайдаланады. Қияр +21 градус жылылықта өсірілуде.
«Жылыжай бір ғана компьютермен басқарылады. Төбеде шағын метеостанса бар, соның көмегімен компьютерге желдың бағыты, күннің түсуі жөнінде ақпараттар беріледі. Соған қарай қажетінше төбе форточкалары ашылады, күн қатты ыстық болса, жабындармен жабылады. Бұл – толықтай автоматтандырылған, 4-буынды өндірістік жылыжай. Қиярды жергілікті сауда орындарынан, базарлардан табуға болады. Көктемгі өліара шақта Қазақстанның 9 өңіріне өнім шығардық. Бізден Түркістан облысы да сатып алды» , – деді «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС-ның бас директоры Алмат Забихов.
Айта кету керек, жылыжайда алдағы тамыз айында екінші көкөніс түрі қызанақты өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жылына 3 мың тонна көкөніс өсіруге қауқарлы.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру

Пікір үстеу