Зашаған тұрғындарын толғандырған сұрақ көп…
Орал қаласының әкімі Мұрат Байменовтың жергілікті тұрғындармен биылғы жылғы көктемдегі кездесуі сәуірдің тоғызыншы жұлдызында басталған болатын.

№20 жалпы білім беретін мектептің жанынажиналған зашағандықтар сұрақ – жауап форматында өткен жиынға қатысып, көкейде жүрген сұрақтарын бүкпесіз жеткізді. Жиынды Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров ашып, биылғы Наурыз айында сенбіліктер басталғанын, егер мектептің ұжымы келісімін берсе, жоғары сынып оқушыларын да көше тазалауға шығарса, қарсы еместігін жеткізді.
Кездесу барысында Мұсағалиев көшесінің тұрғыны Ақан Аян Жәңгір хан және Мұсағалиев көшесі қашан жөнделетінін сұрап, бұл көшеге биыл күрделі жөндеу жасалатынын білді.
Сол секілді Асфендияров көшесіне және «Балауса» шағын ауданындағы Ш.Уәлиханов көшесіне биылғы жылы щебен төселіп, 2026 жылы жөндеу жүреді екен. Чапаев №25 көшесінің тұрғындары да №36 үйдің төбесінен үнемі су кететінін, жертөледе тұратындардың көпшілігі мүмкіндігі шектеулі жандар екенін жеткізді.
Осы тұста ЖХК – ның басшысы А. Нұрмақов КСК арқылы барлық тұрғындар өтініш жазса, толықтай төлемнің қаржысы белгіленіп, үйдің техникалық құжаты жасалып беріледі деді. Ал Бекимов көшесінің тұрғыны Фарид Қажығалиев өздерінің округінен сайланған депутатпен жол мәселесін көтергендерін, сметалық – жоба болмағандықтан, әзірге жөндеу жүрмейтінін алға тартты.
– Енді бұл көшеде жол қашан болады? Осы уақытқа дейін аталмыш көшенің жарты жеріне жол салынды, жарты жерінде әлі күнге дейін жол жоқ. Көктем кезінде лайсаң балшық, әсіресе, үлкен кісілер мен мектепке баратын оқушыларға қиын болып тұр,- деді. Кент әкімі Аққали Әубекеров Зашағанда 169 көше барекенін, 2024 жылғы жөнделген көше мен биылғы жөнделетін көшені қосқанда, 100 көше ғана жөнделетінін, әлі жөндеуді қажет ететін 69 көше тұрғанын, Хиуаз Доспанова көшесінде көлік көп жүретіндіктен, күрделі жөндеу жүргенін айтты.
Бұл сауалға «Бекимов көшесіне жобалық – сметалық жоспар жасауды қолға аламыз. Содан соң келесі жылы қаржы бөлінген соң, жолдың көлеміне қарай жөндеуді жоспарға енгіземіз»,- деп жауап қатты басшылар. Тап осындай сұрақты ІІ топтың мүгедегі Зейнолла Арыстанов та қойды.
– 20 жылдан бері Бопай ханым көшесінде тұрамын. Осы көшеге қашан жөндеу жүргізіліп, асфальт төселеді? Әсіресе, жаңбырлы, көктемгі кезде көлік жүре алмайды. Жедел жәрдем үйімізге дейін келе алмайды. Такси шақырсақ, балшықтың кесірінен жүре алмайды,-деген оған шаһар басшысы Бопай ханым көшесіне де қомақты қаражат керек екенін, жобалық – сметалық жоспар жасалатынын жеткізді.Кездесуде басқа да тұрғындар қаңғыбас ит, апатты үйлер туралы мәселе көтерді.
Зашаған кентінің тұрғыны Александра Бекқазиева болса, былтырғы су тасқыны кезіндегі қиыншылықты еске алып, енді саяжайға баратын жолды қалыпқа келтіруін сұрады. Тағы бірі № 20 мектептің қасындағы орман желегін тазартуды және саяжайлардағы ұрлықтың алдын алуды учаскелік инспекторларға тапсырды.
Сол секілді Бекимов 24/1 үйдің тұрғыны Қазына Әлеуова осымен үшінші жыл үйі бұрышта болғандықтан, үнемі су жиналып, баспанасына су кіріп кететінін жеткізді. – Үйім саманнан салынған, қасында арық жоқ. Ал көршім үйінде тұрмайды. Биылғы жылы көршімнің үйін трактор жалдап, жерін жарғыздым. Бұл мәселені қашан шеше аласыздар?– деді.
Біреудің үйінің айналасын заңсыз түрде қазуға құқығы жоқтығын айтқан аталмыш кент әкімі бір сәт Ертілек Дүйсембиевтің де уәжіне құлақ түрді. Яғни, Бекимов пен Молданиязов көшесінде көктем мезгілінде балшық, лайсаң болатынын, соның салдарынан кейбір үйлердің фундаменті жарылып жатырғанын, Наурызбай көшесінің қиылысында жол өте нашар екенін естіген А. Әубәкіров келесі жылға сметалық – жобалық жоспар жасап, күрделі жөндеуге енгізетінін айтты.
Қала әкімінің жергілікті халықпен кездесуі әлі де жалғасуда.
«ЖАЙЫҚ ҮНІ»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру