ЗАШАҒАН КЕНТІНЕ СУ БЕРУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
Зачаганск кенті №29 канализациялық сорғы стансасы мекенжайы бойынша уақытша су айырылады. Бұл туралы «Батыс су арнасы» ЖШС хабарлады.

Кәсіпорын 2020 жылдың 12 қарашасы күні №29 КСС қабылдау резервуарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Осыған байланысты №1 сорғы агрегатының арынды құбыры айырылады. Мөңкеұлы көшесі, Қамбар батыр көшесі, Бірлік көшесі (9 үй) бойында орналасқан жайлы сектордағы тұрғын үйлерге, ішінара Мөңкеұлы көшесі, Қамбар батыр көшесі бойында орналасқан жеке сектордағы тұрғын үйлерге, 7-ші шақырым көшесі бойында орналасқан жеке сектордағы тұрғын үйлерге, сонымен қатар Көп бейінді облыстық балалар ауруханасының, «Квант» ЖШС, «Айдана» ЖШС, №6 қалалық емхана, «Заңғар» мектепке дейінгі ұйымы, №47 орта мектеп, №10 орта мектеп, «Жекпе-жек» спорт кешенінің, «Медина» жеке бөбекжайы, «Айлин 5» бөбекжайының, Мөңкеұлы шағын ауданындағы ЖТЭ қазандықтарының ғимараттарына су беру уақытша тоқтатылады.
Жұмыстарды жүргізудің болжамды уақыты – сағ. 09.00-ден сағ. 21.00-ге дейін.
Осы ретте тұрғындардардан алдын ала сумен қамданып алу сұралады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу