ЗАШАҒАН КЕНТІНДЕ 11 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Қазіргі уақытта кенттегі Байтақ көшесі 4, 6 үйлердің аумағында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Аумақты абаттандыру өткен айда басталған. Мердігер – «Шамшын» құрылыс компаниясы.
Кенттік округ әкімдігінің бас маманы Шерхан Сапаровтың сөзінше, келісімшартқа сай абаттандыру жұмыстары 4 ай ішінде аяқталуы тиіс. Абаттандырылатын нысанның аумағы 6 836 шаршы метр. Жобаға 55, 943 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта мұнда мекенжайға кіреберіс жолды салу, үйлердің аумағын асфальттау жұмыстары жүргізілуде.
– Мердігер жол салу жұмыстарымен қатар ойын алаңын дайындайтын болады. 824 шашы метр алаңға жұмсақ резеңке жабын төселеді. Балаларға арналған карусель, бірнеше жаттығу құрылымдары қойылады. Шағын футбол алаңы болады. Орындықтар дайындап, қоқыс салғыштар қою, жарықшамдар орнату қарастырылған. Бейнекамера да орнатылады, – деді әкімдік өкілі.
Ал Сейітов 1/3, 1/1, Саратов 22, 24, 26 аулалары аумағы асфальтталып, 169,5 метр арық жүйесі салынады. Аула жарықтандырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады. Сондай-ақ Бірлік көшесіндегі 9 аулада да абаттандыру жүргізілуде.
Жалпы Орал қаласы әкімдігінің мәліметінше, биыл 48 ауланың абаттандырылуы көзделген. Оның 19-ы жобалық-сметалық құжаттама бойынша жаңғыртылады. Ал 29 аула аумағындағы жұмыстар 2021-2023 жылдарға арналған «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы аясында Uralsk.smartmap.kz сайтына түскен өтініштер бойынша жүргізілмек. Бүгнігі күні бұл 29 ауланы абаттандырудың сметасы дайын. Құрылыс-монтаждау жұмыстары тамыз айында басталады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру

Пікір үстеу