8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Наурыз 2021 1415 0
Қоғам

«ЗАМАНАУИ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫЛАРҒА МЕМЛЕКЕТ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНАДЫ

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында  «заманауи такси қызметі» жобасын жүзеге асыру идеясымен бөлісті. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға ниет танытқандарға жеңілдіктер жасалатынын атап өтті. 

«Үлкен қалаларда такси қызметінің маңыздылығы қоғамдық автобустардан кем емес. Тек қалада емес, заманауи таксилер облыс аудандарына да қажет. Облысымызда жолға шықпас бұрын медициналық тексеруден өтетін сыпайы жүргізушілері, жолаушыларды сақтандыру полисі мен қолжетімді тарифтері бар таза, әрі қауіпсіз такси қызметі жетіспейтіні белгілі. Басқа қалалардағыдай эконом, комфорт, бизнес санаттары бойынша көліктер болуы керек. Егерде осы жобаны іске асырамын деушілер болса, мемлекет өз тарапынан кейбір жеңілдіктер жасауға дайын»  – деп жазды облыс басшысы.

Атап айтқанда, Мемлекеттік мекемелер ғимараттары, әуежай, теміржол вокзалы алдында, жол бойында арнайы ақысыз автотұрақ беру, автобустарға бөлінген жолақтармен жүруге рұқсат беру, Қазақстанда жасалған автокөліктерді лизингке беру. Сондай-ақ Ғали Нәжімеденұлы бірқатар мемлекеттік мекемелер және оларға қарасты ұйымдар қызметтік көліктен бас тартып, жеке такси компанияларға қызмет көрсетуге арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс беретінін атап өтті.

«Менің ойымша, егер аталған критерийге сай такси пайда болса, онда көптеген жеке компаниялар өздерінің қызметтік көліктерінен бас тартады. Елордада қызмет еткенде, біз қалалық әкімдік қызметкерлерін қызметтік көліктен таксиге көшірдік. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетті 55 пайызға үнемдедік және жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жергілікті такси компаниялары 5 жылға кепілдендірілген жұмысқа тапсырыс алды. Басқа да жеңілдік түрлерін бірге талқылауға дайынбыз», – деп жазды БҚО әкімі.

Егер осы жобаға қызығушылық танытқандар немесе қаладағы такси қызметін реттеу бойынша ұсыныстар болса, Орал қаласы әкімінің орынбасары Көлбаев Асхат Есмұханұлына (+7 701 711 96 87) хабарласуға болады.

zhaikuni.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»