8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Мамыр 2023 2724 0
Қалалықтар қаперіне

Заңсыз балық аулағандар ұсталды

БҚО-да заңсыз балық аулаудың бірнеше фактісі анықталды. «Бекіре-2023» жедел профилактикалық іс-шарасының барысында екі аптада балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың тарапынан келтірілген айыппұлдардың жалпы сомасы 776 250 теңгені құрайды. Бұдан бөлек балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өңдіру фактісі бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігіне сәйкес 8 заң бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мәселен, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылдық округінің «Бітік» су қоймасы жанында 1947 жылғы азаматтың басқаруындағы «Тайота-РАФ-4» маркалы автокөлік тексеріліп, оның көлігінен 8 қап құжаттарсыз балық пен тор, қайық тәркеленді. Осыған ұқсас факті «Шабдаршаб» ауылының маңындағы «Жайық» өзені тұсында да тіркелді. 1988 және 1989 жылғы екі азаматтан балық аулауға арналған құрылғылар мен он төрт қап балық табылды.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
95 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»