«ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»
Қалай үлгілі ата-ана болуға болады? Балаға қалай көмектесу керек? Жеткіншекті дағдарыс жағдайынан қалай шығару қажет? Баланы тәрбиелеуде бұл сұрақтар көптеген ата-аналарды ойландыратыны анық. Бала тәрбиесіне қатысты осы тектес сауалдардың жауабын отбасы күніне орайластырылған жалпы республикалық ата-аналар конференциясында ата-аналар мен білім саласының мамандары бірге талқылануда.

Ата-аналарға психолгиялық көмек көрсету мақсатындағы конференция ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің тапсырысы бойынша Отбасылық тәрбиелеу институтының бастамасымен барлық мектептерде өткізілуде. Сенбі, 8 қыркүйек күні күні республика бойынша бір уақытта өткізілген жиын 1 сынып оқушыларының ата-аналарына арналса, жексенбіде 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары мектептерде бас қосты. Қаламыздағы №42 «Ақ ниет» гимназиясында өткен жиынға Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ж.Төремұратова, ҚР Білім және ғылым министрілігінің өкілі, отбасылық тәрбиелеу институтының спикері А.Мырзахметова қатысты.
Конференция отбасылық құндылықтарды дамыту мен нығайту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде білім беру мекемелерінің отбасымен өзара қарым-қатынасын жандандыруға бағытталып, бала тәрбиелеу барысындағы ата-аналарда туындайтын ең қиын сұрақтарды анықтау, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін алдын алу, діни ағымдардан, ақпараттық қауіптен сақтандыру мәселелері қозғалды.
– Қазір интернет заманы. Әйткенмен, балалар виртуалды өмірге еніп кетпеуі үшін ата-ананың қадағалауы маңызды. Интернетке тәуелділік қауіпке, жасөспірімнің санасына, өмір сүру қалыбына кері әсер ететінін де тәжірибе көрсетті. Сол үшін ата-аналар үйдегі компьютерге бұғаттау бағдарламасын орнатып алғандары дұрыс. Сондай-ақ діни ағым өкілдерінің жалған ақпарына сеніп, адасып жүрген жеткіншектеріміз де аз емес. Көп жағдайда ата-ананың махаббатына зәру, жабығып жүрген балалар осы жолға түсіп кетеді. Сондықтан ата-ана үшін жұмысбастылықтан гөрі бала тәрбиесі бірінші орында болуы керек, – дейді отбасылық тәрбиелеу институтының спикері Ақтоты Мырзахметова.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Меңешқызы тәрбиедегі қателік қыздың анамен, ұлдың әкемен сырласпауынан екенін айтып, бала тәрбиелеуде қиындыққа кезіккен жағдайда психолгтардың көмегіне жүгінудің оң нәтиже беретінін жеткізді. Психолог мамандардың сөзінше, ата-ана баланың жеке тұлға екенін, мінез-құлықтары әртүрлі екенін айта отырып мақтау мен эмоционалдық қолдау жасап отырулары қажет. Әрі әр жанұяда отбасылық дәстүрді қалыптастыру бала тәрбиесіне оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу